Балаларды қорғау күніне орай «Нұрбанк» АҚ «Жылы шырай уақыты» атты акция өткізеді

Балаларды қорғау күніне орай «Нұрбанк» АҚ «Жылы шырай уақыты» атты акция өткізеді

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАНДЫРУЫ
Алматы, 2014 жылғы 30 мамыр

Нұрбанк Балаларды қорғау күніне байланысты дәстүрлі «Жылы шырай уақыты» акциясының өтетіндігін жариялады. Акция аясында 16 Қазақстан қаласында интернат мектеп тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

«Балаларды қорғау күні, ең алдымен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған көп балаға тамаша болашақ беруге мүмкіндік жасай алатындығымызды еске салу болып табылады. Егер сізге сөзбен, іспен, қаражатпен, қатынаспен — маңызды емес нәрсе және қалай — мүмкіндік болса, оны жүзеге асырып, міндетті түрде көмектесу керек! Себебі бұл оң әсерлер олардың өмірінде мәңгі қалуы мүмкін», — деді «Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрағасы Қантар Орынбаев.

Сонымен қатар, Нұрбанк Алматы қаласындағы № 1 балалар үйінің төрт тәрбиеленушісінен тұратын «Дудар-ай» тобын қолдады: Ермек, Серік, Қайыржан және Ахмет. Акция аясында Қантар Орынбаев балалармен бірге Алматы қаласындағы ерлер киім дүкеніне барып, жас музыканттар әртүрлі ән конкурстарына қатысу үшін костюмдерді өздері таңдады.

Нұрбанк жүзеге асырып жатқан көптеген қайырымдылық және демеушілік жобалар арасында ең аз қорғалған топтарға ерекше назар аударады. «Жылы шырай уақыты» акциясы жыл сайын өткізіледі және Нұрбанк бүкіл Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырады. 2008 жылдан бастап Нұрбанк «КТК» телеарнасымен бірлесе отырып, жетім балаларды асырап алуды насихаттауға арналған «Жол үйге» әлеуметтік жобасының серіктесі болып табылады. Жобаның басты мақсаты — жетім балаларға жаңа отбасы табуға көмектесу. Қантар Орынбаевтың айтуынша, бұл бағдарлама қоғамның осы мәселеге назар аударуға ғана емес, сонымен қатар, осы әлеуметтік мәселені шешуге нақты ықпал етуге көмектеседі.

«Біздің есептеуіміз бойынша, «Жол үйге» жобасы арқасында шамамен 300 қазақстандық бала отбасыларын тапты» — деп қортындылады Орынбаев.

«Нұрбанк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 727 2 599 710
e-mail: pr@nurbank.kz

30.05.2014