Банк қызметкерлері балалар үйінде жаңа жылдық шырша өткізді

Банк қызметкерлері балалар үйінде жаңа жылдық шырша өткізді

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Алматы, 2013 жылғы 23 желтоқсан

Жаңа жыл қарсаңында "Нұрбанк" жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін жаңа жылдық шыршаны ұйымдастырды. Банк топ-менеджерлері балалармен және аниматорлармен бірге шыршаны айналып, ертегі кейіпкерлерімен ойнады. Мереке ұйымдастырушыларынан балалар тәтті сыйлықтар алды.

«Бүгінгі мерекеге 30 бала келді. Жаңа жыл қарсаңында бәрімізде де мереке сезімі болуы маңызды. Әсіресе, осыған мұқтаж болғандарда. Бүгін біз балаларға қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлай алдық деп үміттенемін», — деп бөлісті "Нұрбанк" АҚ Басқарма Төрағасы Қантар Орынбаев алған әсерімен.

«Нұрбанк» жүзеге асыратын көптеген қайырымдылық және демеушілік жобалардың бірі ретінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ерекше көңіл бөледі. 2008 жылдан бері "Нұрбанк" "КТК" телеарнасымен бірлескен, жетім балаларды асырап алуды насихаттауға бағытталған "Үйге жол" әлеуметтік жобасының серіктесі болып табылады. Жобаның басты мақсаты — жетім балаларға жаңа отбасы табуға көмектесу. Орынбаев мырзаның айтуынша, бұл бағдарлама қоғамның осы мәселеге назарын аударуға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік мәселені нақты шешуге де ықпал етеді.

«"Үйге жол" жобасы арқылы 2013 жылы 32 бала өзінің отбасын тапты», — деп қорытындылады Орынбаев мырза.

"Нұрбанк" АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 727 2 599 710
e-mail: pr@nurbank.kz

 

 
23.12.2013