2013 жылдың 24 тамызында «Нурбанк» арнайы (түзету) мектеп-интернаты - №8, ЗПР балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арнап «Дібек» ат спорты клубында қайырымдылық акциясын өткізді. Акция барысында Банк топ-менеджерлері балаларға жарқын әрі есте қаларлық мереке ұйымдастырды.
«Дібек» ат спорты клубында №8 балалар үйінің тәрбиеленушілері екінші жыл қатарынан жазғы демалыстарын өткізеді. Біз жағдайды пайдаланып, балалармен демалысты бірге өткізуге шешім қабылдадық, өйткені ересектермен «тірі қарым-қатынас» балаларға пайда әкеледі. Мұндай кездесулер Банк үшін дәстүрге айналды. Алайда бірінші рет балалар үшін ат спорты клубында ойын бағдарламасы ұйымдастырылды», – деді «Нурбанк» АҚ басқарма төрағасы Қантар Орынбаев.
Қазір «Дібек» ат спорты клубында тоғызы он жеті жасқа дейінгі 31 бала тұрады. Акция аясында күннің бірінші жартысында ат спорты клубында ең үздік суретке конкурс, ат спорты бойынша викторина және турникке тартылу жарысы ұйымдастырылды. Конкурс нәтижелері бойынша банкирлер балаларға MP-3 ойнатқыштар мен рюкзактар табыстады. Іс-шара барысында балалар конкурстарға белсенді қатысып, банкирлерге «Дібекте» демалыста үйренген ат спорты шеберліктерін көрсетті.
«Ат спорты клубында оқу, еңбек және демалыс шынайы отбасыдағыдай ұйымдастырылады. Мұнда балалар мүлдем басқа қырынан ашылады. Жазғы демалыс кезінде біз балаларды атқа мінуді, бастапқы шабандоздық дағдыларын меңгеруді және гүлдерді дұрыс күтуді үйреттік. Балаларға бізбен бірге болу қатты ұнайды», – деді «Ат спорты клубы «Дібек» ЖШС басқарушысы – Буршакбаев Галым Кенжебаевич.
Күннің екінші жартысында банкирлер балалармен спорттық ойындар ойнады, содан кейін би шоубалеті хип-хоп стиліндегі би шеберлік сабағын көрсетті, ал іс-шара соңында дискотека ұйымдастырылды.
«Мұнда әр бала назар аудауды қажет етеді және біз бүгін оны толтыруға тырыстық. Осындай қайырымдылық қолдауды бастамалаудың арқасында біз балаларға болсын, қысқа уақытқа болсын отбасылық сезімдер, қуаныш пен қамқорлық сыйлауға қол жеткіземіз», – деп қорытындылады К. Орынбаев.
Байланыс тұлғасы:
Айгүл Қасенова
«Нұрбанк» АҚ баспасөз хатшысы
тел. +7 727 2 599 710
ұялы. +7 701 (707) 132 59 69
e-mail: akassenova@nurbank.kz
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |