Балаларды қорғау күніне орай «Нұрбанк» АҚ «Жылу сыйлайтын уақыт» акциясын өткізеді
Балаларды қорғау күніне орай «Нұрбанк» АҚ «Жылу сыйлайтын уақыт» акциясын өткізеді

Балаларды қорғау күніне орай «Нұрбанк» АҚ «Жылу сыйлайтын уақыт» акциясын өткізеді

ПРЕСС-РЕЛИЗ
Алматы, 31 мамыр 2013 ж.

1 маусымда «Нұрбанк» АҚ № 8 арнайы (коррекциялық) мектеп-интернатының тәрбиеленушілерін Балаларды қорғау күнімен құттықтайды, ЗПР балалар, жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар. Интернаттың 50 тәрбиеленушісі ТРК Essentai Mall-да орналасқан Kinopark 11 IMAX 3D-де «Эпик» мультфильмін көретін болады.

«Біз бизнесіміздің қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінеміз және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесімізді қосуға тырысамыз. Өз тарапымыздан балаларға өмір бойы есте қалатын жағымды әсерлер сыйлауға күш саламыз», - деді «Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрағасы Қантар Орынбаев.

Іске асырылатын көптеген қайырымдылық және демеушілік жобалар арасында «Нұрбанк» халықтың ең әлсіз топтарына ерекше назар аударады. «Жылу сыйлау уақыты» акциясы жыл сайын өткізілетін іс-шара және «Нұрбанк» тарапынан Қазақстанның барлық аумағында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылады. 2008 жылдан бастап «Нұрбанк» ТК «КТК»-мен бірлесіп балаларды асырап алуды насихаттауға арналған «Үйге жол» әлеуметтік жобасының серіктесі болып табылады. Жобаның басты мақсаты - жетім балаларға жаңа отбасы беру. Орынбаев мырзаның айтуынша, бұл бағдарлама қоғамның осы мәселеге назарын аудартуға ғана емес, әлеуметтік мәселені шешуге де нақты әсер етеді.

«Біздің есептеуімізше, 2012 жылы «Үйге жол» жобасы арқасында республиканың шамамен 380 баласы отбасымен қауышқан», - деп аяқтады Орынбаев мырза.

«Нұрбанк» АҚ пресс-қызметі
тел. +7 727 2 599 710
e-mail: pr@nurbank.kz

31.05.2013