Балаларды қорғау күніне орай "Нұрбанк" АҚ "Жылулық сыйлау уақыты" акциясын өткізеді

Балаларды қорғау күніне орай "Нұрбанк" АҚ "Жылулық сыйлау уақыты" акциясын өткізеді

ПРЕСС-РЕЛИЗ
Алматы, 31 мамыр 2013 ж.

1 маусымда "Нұрбанк" АҚ ЗПР балалар, жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №8 арнайы (коррекциялық) мектеп – интернаттың тәрбиеленушілерін Балаларды қорғау күнінде құттықтайды. Интернаттың 50 тәрбиеленушісі Esentai Mall ТРК-да орналасқан Kinopark 11 IMAX 3D-де "Эпик" мультфильмінің көрсетіліміне барады.

"Біз бизнес қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінеміз және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесімізді қосуға тырысамыз. Біз өз тарапымыздан балаларға олардың өмір бойы есінде қалатын жағымды әсер сыйлау үшін бәрін жасаймыз", — деді "Нұрбанк" АҚ Басқарма Төрағасы Қантар Орынбаев.

Көптеген қайырымдылық және демеушілік жобаларды іске асыру аясында "Нұрбанк" аз қорғалған халықтың қатарына ерекше назар аударады. "Жылулық сыйлау уақыты" акциясы жыл сайын өткізіледі және Қазақстанның әр жерінде "Нұрбанк" тарапынан жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету мақсатында өткізіледі. 2008 жылдан бастап "Нұрбанк" "КТК" телеарнасымен бірлескен жетім балаларды асырап алуды насихаттауға бағытталған "Үйге жол" әлеуметтік жобасының серіктесі болып табылады. Жобаның басты мақсаты – жетімдерге жаңа отбасы табуға көмектесу. Орынбаев мырзаның айтуынша, бұл бағдарлама тек қоғамды осы проблемаға назар аудартуға емес, сонымен қатар осы әлеуметтік мәселені шешуге де әсер ететініне шын мәнінде ықпал етеді.

"Біздің есептеуімізше, "Үйге жол" жобасының арқасында 2012 жылы еліміз бойынша шамамен 380 бала отбасын тапты", — деді Орынбаев.

"Нұрбанк" АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 727 2 599 710
e-mail: pr@nurbank.kz

31.05.2013