БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Алматы, 2012 жылғы 7 желтоқсан
«Nurbank» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары Рауан Даукенов және Алматы облысы әкімінің орынбасары Сәкен Турдалиев Талдықорғанда өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Тараптар аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды бағалап, өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктері мен халықтың қажеттіліктерін талқылап, қол қойылған құжатта екіжақты ынтымақтастықтың жалпы бағыттарын анықтады.
«Меморандумға қол қою біздің Қазақстанның осы өңірінде өз қатысуымызды кеңейту ниетімізді растайды. Меморандум банкке және облыс әкімдігіне аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, банк инфрақұрылымын кеңейту және көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту мәселелері бойынша ынтымақтасуға мүмкіндік береді», — деді Рауан Даукенов.
Тараптар мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру бойынша бірлескен жоспарды құруға, бірлескен кредиттік бағдарламаларды, соның ішінде бірлесіп қаржыландыру шарттарымен кредит беруді дамытуға және жүзеге асыруға келісті. Бұдан бөлек, банк пен аймақ басшылығы ипотекалық кредиттеу жүйесі арқылы тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды, прогрессивті және жаңа банктік жетістіктерді енгізуді, банк инфрақұрылымын кеңейтіп, халыққа көрсетілетін қызмет аясын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Банк Алматы облысындағы бизнесін дамытудағы басым бағыттар ретінде мемлекеттік сатып алуларға байланысты тендерлік кепілдіктер беру, халықтан төлемдер қабылдау, мемлекеттік қызметкерлерге, зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақы алушыларға жалақы төлеу және басқа қызметтер ұсыну аясында банк инфрақұрылымын кеңейту қызметтерін белгіледі.
«Nurbank» АҚ баспасөз қызметі