«Нурбанк» АҚ директорлар кеңесі 2022 жылғы 19 сәуірде шешім қабылдады:
«Нурбанк» АҚ акционерлерінің кезекті жалпы жиналысын 2022 жылғы 26 мамырда Алматы уақыты бойынша сағат 10:00-де Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 «В» мекенжайы бойынша орналасқан «Нурбанк» АҚ ғимаратында өткізу.
Егер «Нурбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында 2022 жылғы 26 мамырда кворум болмаса, жылдық жалпы жиналысты 2022 жылғы 27 мамырда Алматы уақытымен сағат 10:00-де жоғарыда аталған мекенжайда қайтадан өткізу.
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 43-бабының 1-тармағына және «Нурбанк» АҚ Жарғысының 20-бабының 7-тармағына сәйкес, «Нурбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі қалыптастыру:
1) «Нурбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2) «Нурбанк» АҚ-ның 2021 жылғы жеке қаржылық есептілігін бекіту.
3) «Нурбанк» АҚ-ның 2021 жылғы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін бекіту.
4) «Нурбанк» АҚ-ның 2021 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, қарапайым акциялар бойынша дивидендтерді төлеу және 2021 жылға «Нурбанк» АҚ қарапайым акциясына есептегендегі дивиденд мөлшерін анықтау.
5) «Нурбанк» АҚ акционерлерін 2021 жылға арналған Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің сыйақыларының көлемі мен құрамы туралы ақпараттандыру.
6) Акционерлердің «Нурбанк» АҚ-ның әрекеттеріне, оның лауазымды тұлғаларына шағымдары және олардың 2021 жылғы қаралу нәтижелері туралы.
7) «Нурбанк» АҚ тәуелсіз директоры - Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату.
8) Тәуелсіз директорлар - «Нурбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы көлемінің өзгеруі. «Нурбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқылы акционерлер тізімін жасау күні ретінде 2022 жылғы 20 сәуірді анықтау.