«Нурбанк» акционерлік қоғамы, (мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік № 3868-1900-АО 2004 жылғы 9 қарашада берілген), мекенжайы: Алматы қ., Желтоксан көшесі, 168 «Б», «Нурбанк» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 17 наурыздағы шешімі бойынша сізді Банктің акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын (бұдан әрі — Жиналыс) 2010 жылғы 29 сәуірге ауыстыру туралы хабардар етеді. Жиналыс 2010 жылдың 29 сәуірінде сағат 10-00-де Алматы қ., Әбілқайыр хан даңғылы, 51–53 мекенжайында орналасқан «Нурбанк» АҚ ғимаратында өтеді, акционерлерді тіркеу сағат 09-00-де басталады.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2010 жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша жасалды.
Жиналысты өткізу мәселелері бойынша, сондай-ақ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қажетті ақпаратпен (материалдармен) танысу үшін мына мекенжайға хабарласыңыз: Алматы қ., Әбілқайыр хан даңғылы, 51–53, тел: 255-91-49 (Корпоративтік хатшы — Исламова Саёра).