АО «Нурбанк» клиенттеріне маңызды ақпарат!

АО «Нурбанк» клиенттеріне маңызды ақпарат!

Құрметті АО «Нурбанк» клиенттері!

Сіздерге хабарлаймыз, 2010 жылғы 7 маусымнан бастап Қазақстан Республикасында банктардың жаңа идентификациялық коды BIC (Bank Identifier Code) және клиенттер банктік шоттарының жаңа нөмірі IBAN (International Bank Account Number) ISO 9362, ISO 13616 халықаралық стандарттарына сәйкес қолданылатын болады.

Қазіргі кезде қолданылатын АО «Нурбанк» БИК орнына — 190501849, жаңа BIC — NURSKZKX, АО «Нурбанк» ұйымына халықаралық ISO 9362 стандартына сәйкес берілді.

Банктік реквизиттердің жаңа стандарттарына көшу, Қазақстанның төлем жүйелерінде банктерді және олардың клиенттерін сәйкестендіру жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ халықаралық төлемдерді өңдеуді айтарлықтай жеделдетеді.

Клиенттердің банктік шоттарының IBAN форматы Халықаралық Стандарттау Ұйымымен және Еуропалық Банктік стандарт комитетімен әзірленген. Қазіргі таңда IBAN Еуропалық одақтың мемлекеттерін қоса алғанда, олардың территориясында және басқа да 45 мемлекеттің үстінде қолданылуда.

Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін банктік реквизиттерді енгізуге банктер, жеке банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар, Қазақстан қаржыгерлер Қауымдастығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қатыстырылған.

АО «Нурбанк»-тің IBAN форматы 20 әріптік-сандық символдан тұрады, Қазақстанның басқа банктеріндей түрде көрініс береді:

K Z С С Б Б Б Ф Ф В В Х Х Х Х Х Х Х Х Х

K Z  Қазақстан коды

С С  бақылау деңгейі

Б Б Б  банкттің сандық коды

Ф Ф  банктің филиал коды

В В шот ашылған валюта атауы

Х Х Х Х Х Х Х Х Х сіздің қолданыстағы шот нөміріңіз.

 

IBAN-ды қағаз тасығыштарынан оқып, қайталауды жеңілдету үшін IBAN 4-белгілік топтарға интервалы бар түрде беріледі. Мысал: KZ75 8490 1US0 0000 0000.

Төлем және басқа да құжаттарды электрондық түрде толтыру кезінде IBAN үздіксіз реттілікте беріледі.

Мысал: KZ7584901US000000000.

АО «Нурбанк» банктік реквизиттердің жаңа стандарттарына көшкен кезде, қолданыстағы банктік шотыңыздың нөмірі автоматты түрде жаңа IBAN стандартына ауыстырылады, яғни тек шот нөмірі өзгереді, бұл ретте ағымдағы шот жабылмайды және банктік шот бойынша қозғалыс тарихы сақталады.

Жаңа IBAN шот нөмірін алу үшін 2010 жылғы 7 маусымға дейін сіздің шот менеджеріңізге Банктік Обслуживание және филиалысына барып кіру керек және банктік шот/депозит шартына қосымша келісім шартқа қол қою қажет.

Өзіңізбен бірге жеке басын растаушы құжат және мөр болуы тиіс (Подписты мөрмен растайтын Клиенттер үшін).

Төлемдерді тиімді жүзеге асыру және ақшаларды аудару үшін АО «Нурбанк» сізге өзіңіздің жаңа реквизиттеріңіз бен олардың күшіне ену мерзімін Қазақстандағы және шетелдегі іскер серіктестеріңізге хабарлауға кеңес береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы өз серіктестеріңіздің жаңа банктік реквизиттерін алуға кеңес береді.

2010 жылғы 7 маусымнан бастап, Қазақстанда және шетелде төлемдер және ақшаларды аудару кезінде тек халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа банктік реквизиттерді (IBAN және BIC) көрсету қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін АО «Нурбанк»-тің Байланыс орталығына cc@nurbank.kz арқылы хабарласыңыз және телефондар бойынша хабарласыңыз:

8 (727) 250-00-00
8 (727) 244-44-44
Алматы қаласының тұрғындары үшін

8 8000 800 900 Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындары үшін,

Қазақстан бойынша тегін қоңырау

01.01.2010