Хабарлама

Хабарлама

«Нұрбанк» акционерлік қоғамы (мемлекеттік қайта тіркеуге қою жөніндегі куәлігі № 3868-1900-АҚ 2004 жылғы 9 қарашада, СТН 151000015914, БИК 190501849), мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 168-б, осы хабарлама арқылы өз акционерлерін 2008 жылғы 28 наурызында «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында келесі шешімдердің қабылданғаны туралы хабардар етеді:

1. 2007 ж 25 мамырдағы жалпы жиналыстың күн тәртібінде көрсетілген «2007 жылға арналған „Қоғам және банк конгламератының Аудиторлық ұйымды белгілеу“ туралы акционерлердің шешіміне өзгерістер енгізуді және осы шешім келесі редакцияда оқылсын: „Нұрбанк“ АҚ-ның және үйлескен есепті топтың (банктік конгламераттың) Аудиторы болып „Ernst&Young“ ЖШС тағайындалады» деп бекітілсін;

2. 2007 жылдың қорытындысы бойынша жылдық қаржылық есебі бекітілсін;

3. Қоғамның таза табысын бөлудің келесі тәртібі бекітілсін:
  • жай акциялар бойынша дивиденд төленбейді;
  • Қоғамның таза табысының сомасы Қоғамның жеке капиталын көбейтуге бағытталсын;
4. Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің жүгінуінің жоқтығы назарға алынсын;

5. Қоғамның Басқармасы мен Директорлар Кеңесінің мүшелеріне сыйақының көлемі мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын;

6. «Нұрбанк» АҚ Директорлар Кеңесі туралы Ережесі бекітілсін.
04.04.2008