Қазақстан Республикасының заңнамасындағы алаяқтықпен күресуге және азаматтардың заңсыз «дропперлік» схемаларға қатысуын болдырмауға бағытталған өзгерістер

Қазақстан Республикасының заңнамасындағы алаяқтықпен күресуге және азаматтардың заңсыз «дропперлік» схемаларға қатысуын болдырмауға бағытталған өзгерістер

Қазақстан Республикасының заңнамасында алаяқтықпен күресуге және азаматтардың заңсыз «дропперлік» схемаларға қатысуының алдын алуға бағытталған өзгертулерге байланысты келесідей әрекеттерге тыйым салынады:

  1. Үшінші тұлғаларға банктік шот нөмірлерін, төлем картасын, СМС-кодтарды және басқа төлем деректемелерін беруге
  2. Бөтен адамдардың шоттары мен карталарын пайдалануға
  3. Материалдық сыйақы алу мақсатында үшінші тұлғалардың мүддесі үшін аударымдар жасауға

Аталған іс-әрекеттер құқыққа қайшы әрекеттер деп саналады және мүлкін тәркілеу арқылы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыратын қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 

Мұқият болыңыздар! Өтініп жатса да бөтен адамдарға өзіңіздің төлем деректеріңізді бермеңіздер. Күмән туындаған кезде – банкке хабарласыңыздар.

06.08.2025