Құрметті клиенттер, алаяқтар қайта белсенді болды. Киберқауіпсіздік сарапшылары SMS арқылы алаяқтықтың жаңа әдісін айтты. Зиянкестер SMS-бомберді (хабарламаларды жаппай жіберу қызметі) қолдану арқылы пайдаланушылардың пластикалық карталарына қол жеткізеді.
Алаяқтар келесідей әрекет етеді:
- жәбірленушінің телефон нөмірі 30-40 түрлі SMS-бомберге бірнеше рет тіркеледі. Жәбірленуші шамамен екі жүз тіркеу кодтары бар SMS алады;
- жәбірленушімен Telegram немесе Whatsapp мессенджерлері арқылы байланысқа шығып, сеніміне кіреді;
- жәбірленушіні жағдайды анықтауға көмектесу үшін кіріс хабарламалары бар экранның скриншотын жіберуге көндіреді.
Мұнда схемалар әртүрлі болуы мүмкін - клиентке сатып алудың немесе қызметке төлем жасаудың қате жасалғаны немесе, мысалы, банкте ақаулардың орын алғаны және жедел жеке деректерді өзгерту керектігі айтылады.
Қажетті ақпаратты алғаннан кейін, алаяқтар пластикалық карталардан ақшаны шешіп алады.