Купондық облигациялардың орналастырылуы туралы

Купондық облигациялардың орналастырылуы туралы

«Нурбанк» АҚ номиналды көлемі 20 миллиард теңге, айналыс мерзімі 26.05.2018 жылға дейін, кіріс мөлшерлемесі жылына 12.5%-ға дейін болатын NRBNb11 облигацияларын орналастыру туралы хабарлайды.

«Нурбанк» АҚ номиналды көлемі 20 миллиард теңге, айналыс мерзімі 26.05.2018 жылға дейін болатын NRBNb11 облигацияларын орналастыру туралы хабарлайды. Бұл облигациялар «Қазахстандық қор биржасында» жиналған купонмен бірге "грязной" бағамен орналастырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2017 жылғы 5 маусымдағы базалық мөлшерлемені 10.5%-ға дейін төмендетуіне байланысты «Нурбанк» АҚ NRBNb11 купондық облигацияларының максималды кіріс мөлшерлемесін жылына 12.5%-ға дейін белгілеу туралы шешім қабылдады.

NRBNb11 облигацияларының орналастырылуынан алынған қаражатты «Нурбанк» АҚ қаржыландыру базасын ұлғайту және әртараптандыру, соның ішінде Қазақстанның нақты секторын несиелендіру және өтімділікті қолдау үшін жұмсауды жоспарлап отыр. «Нурбанк» АҚ оң операциялық қызметі және несие тарихы бар Қазақстан Республикасы компанияларына несие беруді, сондай-ақ бөлшек бизнес бағдарламаларын дамытуды жалғастырады.

2002 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде «Нурбанк» АҚ 87.500.000.000 теңге негізгі борышының жалпы сомасымен он облигация эмиссиясын сәтті жүзеге асырды. Барлық купон және негізгі борыш төлемдері уақытылы, ешқандай дефолтсыз жасалды.

«Нурбанк» АҚ Қазақстанның ең ірі он бес банкі қатарына кіреді. «Нурбанк» АҚ-ның 25 жылдық тарихы бар және бизнес пен тұрғындарға толық банктік қызметтер спектрін ұсынады.

«Нурбанк» АҚ Қазақстанның ең тұрақты банктерінің бірі болып табылады.

Standard and Poor’s халықаралық рейтингтік агенттігі 2016 жылғы 29 желтоқсанда ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді контраген рейтингісін В/В деңгейінде, Қазақстандық шкала бойынша kzBB деңгейінде растады.
«Нурбанк» АҚ Due Diligence өтіп, халықаралық даму институттары тарапынан активтер сапасының тәуелсіз бағасын алды:
— Азиялық Даму Банкімен (ADB) Қазақстан Республикасында микро, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жобалық келісімге қол қойылды.
— Еуропалық Инвестициялық Банкпен (EIB) шағын, орташа және микро-бизнес салаларына несие беру үшін несиелік желілер келісілді.

«Нурбанк» АҚ 8 жыл бойы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын жеке меншік кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мемлекеттік бағдарламаларына белсенді қатысуда. Банк Қазақстан Даму Банкімен кредиттік келісім жасасып, ҚР Ұлттық қоры мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатын шартты орналастыру аясында ірі, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің айналым капиталын қаржыландыруға пайдаланады.

Аталған шығарылым облигацияларының орналастырылуы жөніндегі презентация «Қазақстандық қор биржасының» www.kase.kz сайтында және «Нурбанк» АҚ сайтында қолжетімді.

Алдағы орналастыру шеңберіндегі барлық сұрақтар бойынша, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс деректеріне хабарласуды сұраймыз:

Андеррайтер: «Нурбанк» АҚ-ның еншілес ұйымы «MONEY EXPERTS» АҚ
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Республика алаңы, 13, 616-кеңсе
Телефондар:+7 (727) 2 666 053
+7 (727) 250 20 15

Эмитент: «НУРБАНК» АҚ
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10-В
Веб-сайт: www.nurbank.kz
Телефондар:+7 (727) 2 500 000
+7 (727) 2 599 710
іш. 5648, 5647 — Қазынашылық басқармасы
іш. 5409, 4695 — Корпорациямен жұмыс департаменті
іш. 5380, 5329 — Шағын және орта бизнес департаменті
іш. 5692 — Капитал басқармасы

Презентация (PDF, 670 КБ)

08.06.2017