АҚ «Нұрбанк» 2016 жылдың 25 қаңтарында түнгі сағат бір шамасында «Эгида-Дружина» ЖШС қызметкері, АҚ «Нұрбанк» Қарағанды филиалының кеңсесіндегі бекетте қызметтік нұсқаулықтарды бұзып, «Record cherif 743» травматикалық тапаншасымен абайсыз пайдалану нәтижесінде, өзін басының самай тұсына оқ атып жаралағанын хабарлайды. Оқ атылғанын естіген екінші күзетші оқиға орнына келіп, алғашқы көмек көрсетіп, нұсқаулық бойынша әрекет етті. Кейін оқиға орнына жедел түрде Орталық ПБ-нің кезекші тобы және Жедел жәрдем бригадасы, сондай-ақ, «Эгида-Дружина» ЖШС басшылығы келді.
Күзетші ми шайқалу диагнозымен Облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылды, жағдайы қанағаттанарлық, есінде. Зақымданушы түсіндірме хатында өзі кінәсін мойындағанын және шынында да «тағдырды сынап көру» және «орыстар рулеткасы» ойынын ойнауды шешкенін көрсеткен.
Қазіргі уақытта облыстық полиция күзетшіге әкімшілік хаттама толтырды, оған сәйкес ол айыппұл төлеуі керек. Өз кезегінде Банк олардың қызметкерінің абайсыз және кәсіби емес әрекеттеріне қатысты «Эгида-Дружина» ЖШС-на шағым хат жолдайды.