«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – БРК) «Нұрбанк» АҚ және «Банк ЦентрКредит» АҚ бірлесіп, «RG Brands Kazakhstan» ЖШС-не синдикатталған несие шеңберінде қаржыландыру ұсыну туралы үшжақты ниет келісіміне қол қойды. Қаржыландыру жаңа өндірістік желілерді кеңейтуге, сондай-ақ өнімді Өзбекстан Республикасына экспорттауға бағытталады.
Келісімге БРК Басқарма Төрағасы Марат Елібаев, «Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрағасы Гүлнара Мусатаева және «Банк ЦентрКредит» АҚ Басқарушы директоры Марат Карибжанов қол қойды.
Қаржыландырудың жалпы көлемі 30,4 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 16,4 млрд теңге өндірістік қуаттылықтарды кеңейтуге және 14 млрд теңге экспорт алдындағы қаржыландыруға жұмсалады.
«Осы жылы Қазақстан Президенті өз жолдауында синдикатталған несиелеу механизмдерін белсенді қолдану қажеттігін атап өтті. Бұл – БРК тарихындағы Қазақстанның банк жүйесімен жузеге асқан алғашқы синдикатталған қаржыландыру келісімі. Бұл біздің болашақтағы табысты серіктестігіміздің бастамасы екеніне сенімдімін. Осындай қаржыландыру банктерге тәуекелді азайтуға және жобаларды басқаруды жақсартуға мүмкіндік береді. Қарыз алушылар ұзақ мерзімді қаржыландыруға қол жетімділікті артықшылықты шарттармен алады», – деп атап өтті БРК Басқарма Төрағасы Марат Елібаев.
Өндірістік қуаттылықтарды кеңейту нәтижесінде шырындар, шайлар, сондай-ақ газдалған және газдалмаған сусындар көлемі екі есеге жуық артады.
«Синдикаттар ынтымақтастығымен тиімді, өйткені бір банк әрдайым үлкен соманы ауқымды жобаларға бөлгісі келмейді. Осындай қазақстандық банк нарығы үшін маңызды келісімге қатыса алуда біз өте мақтан тұтамыз, бұл «RG Brands Kazakhstan» компаниясына жеңілдікті шарттармен «ұзақ ақшаға» қол жеткізуге және қолданыстағы өндірістік қуаттылықтарды елеулі кеңейтуге мүмкіндік береді.
Бүгінде Нұрбанк корпоративті клиенттер мен ШОБ-ты, ол ел экономикасының табысты дамуының негізі болып табылады белсенді несиелендіруде», – деді «Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрағасы Гүлнара Мусатаева.
* «Нұрбанк» АҚ-ның №1.2.15/193 лицензиясы бар, 2020 жылдың 3 ақпанында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген.