Нұрбанктің акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында басқарма төрағасы Эльдар Сәрсеновты директорлар кеңесіне сайлау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығына банктен хабарлады.
Осылайша, банктің директорлар кеңесі келесідей құрамда:
1) Раушан Ержанова – «Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
2) Эльдар Сәрсенов – «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы.
3) Ульф Вокурка – тәуелсіз директор - «Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
4) Александр Фролов – тәуелсіз директор - «Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
5) Рустем Камалеев – тәуелсіз директор - «Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
Эльдар Сәрсенов ҚазКСР-де 1984 жылы 4 қарашада дүниеге келген. Бостондағы (АҚШ) Suffolk University-інде «Бизнес әкімшілігі бакалавры» мамандығы бойынша білім алған. Бостондағы (АҚШ) Northeastern University-інде «Бизнес әкімшілігі магистрі» мамандығы бойынша білім алған.
Әр жылдары маркетинг бойынша менеджердің ассистенті, «Helios» ЖШС АЖС желісінің сату және маркетинг жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істеген, АҚШ-тағы швейцария сағат компаниясы TAG Heuer-де маркетинг бөлімін басқарған. 2015 жылғы 30 қарашадан бастап «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы.