Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Нурбанк» АҚ Service Desk бағдарламалық қамтамасыз етуін сатып алу қызметтерін жеткізушіні таңдау бойынша ашық тендер өткізілетіні туралы хабарлайды:
және әлеуетті жеткізушілерді 2021 жылдың 20 тамызы күні сағат 14:30-де «Нурбанк» АҚ ғимаратында, мекенжайы: Абая даңғылы, 10В үйінде өтетін тендерге қатысуға шақырады.
Тендер түрі: ашық:
Тендер басталуы: 20.08.2021ж 14:30, мекенжайы: Абая даңғылы 10В, 3 қабат, 310 үлкен конференц-зал;
Сауда-саттықтың аяқталуы: 16:30;
Тендерге қатысуға өтініштер пакетінің және ұсыныстардың жиналуы 19.08.2021ж 12:00-ге дейін (қоса алғанда) Абая даңғылы, 10В, 204 кабинет, кеңсе.
Тендерге қойылатын талаптарға сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілер ғана қатыса алады:
Техникалық сипаттама келтірілген:
Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакеттері берілуі қажет:
1 пакет: Заңдық құжаттық қамтамасыз ету
1) тендерге қатысу өтінімі 5-қосымшада белгіленген нысанға сәйкес;
2) нотариалды расталған құрылтай құжаттарының көшірмелері, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік);
3) мемлекеттің лицензиялауға жататын кез келген лицензияланатын қызметті орындау үшін түпнұсқаға тексеру үшін лицензия көшірмелері (егер сатып алынатын өнімдер/жұмыстар/қызметтер бойынша қызмет лицензиялауға жататын болса);
4) жеткізушінің өкілі - уәкілетті тұлғаның жеке куәлігінің нотариалды расталған көшірмесі;
5) жеткізушінің уәкілетті тұлғаны тендерге қатысуға берген сенімхаты;
2 пакет: Қаржылық құжаттық қамтамасыз ету
1) қатысушының банк реквизиттері мен банктен қарызы жоқтығын растайтын қызмет көрсетуші банктен алынған анықтама түпнұсқасы;
2) заңды тұлғалар үшін бір жылға қаржылық есептіліктің көшірмелері, қажет болған жағдайда мөрмен расталған жеке кәсіпкерлер үшін салық декларацияларының көшірмелері;
3) жеткізушінің тіркелген орны бойынша Салық комитетінен алынған салықтарды төлеу бойынша қарызы жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы;
4) жеткізушімен бұрын ынтымақтастық жасаған заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлердің ұсынымдары мен пікірлерінің көшірмелері, ынтымақтастық тәжірибесін, оның ішінде мерзімі, міндеттемелердің толық орындалуын және басқа да сипаттайтын баға беру (болған жағдайда);
5) материалдық-техникалық базаның болуы туралы мәліметтер;
6) баға ұсыныстары;
7) жеткізушімен шарт бойынша төлем операцияларын «Нурбанк» АҚ есеп айырысу шоты арқылы жүзеге асыру келісімін растау
Өз кезегімізде Банк тендер комиссиясы әлеуетті қызмет жеткізушілеріне немесе тендер ұсыныстарын қарастыру, бағалау және салыстыруға қатыспайтын кез келген басқа тұлғаға қатысты ақпаратты ашпауға құқылы екенін атап өтеміз.
«Нурбанк» АҚ тендер өткізу уақытын жаңа көрсетілген күнмен ауыстырып, немесе кейінге қалдырып, тендерге қатысуға өтініш берген әлеуетті жеткізушілерге жазбаша хабарлама жіберуіне құқылы. Әлеуетті жеткізуші тендерге өтінім беру мерзімінің аяқталғанға дейін өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті қызмет жеткізушінің уәкілетті тұлғасы қатысуымен немесе ондай болмаса, уәкілетті тұлға тендерге қатыспайтын болса, өткізілетін болады.
Байланыс тұлғалары:
Заңдық және қаржылық құжаттық қамтамасыз ету пакеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша Индира Картаковаға хабарласу қажет.
тел. +7 (727) 2500-000 ішкі 5385 IKartakova@nurbank.kz
Техникалық тапсырмаға сәйкес құжаттық қамтамасыз ету пакетін қалыптастыру мәселелер бойынша Нурлан Тасымхановқа хабарласу қажет
тел. +7 (727) 244-77-24 NTassymkhanov@nurbank.kz.
Қосымша №1. Техникалық сипаттама (жүктеу. doc, 32 КБ)