"Нұрбанк" АҚ "Гелиос" ЖШС, "BSB Француз үйі" ЖШС, "Caspian food" ЖШС, "Ақсай нан-тоқаш комбинаты" ЖШС, "Восток Бройлер" ЖШС, "ВК-Ұн тарту комбинаты" АҚ, "Ертіс өзені бойы бройлер құс фабрикасы" ЖШС филиалдары мен компаниялар тобына құндылықтарды инкассациялау қызметтерін сатып алу үшін ашық тендер жариялайды.
Тендер нәтижесіне орай ең жақсы шарттар ұсынған банктер мен жоғарыда аталған компаниялар тобымен инкассация қызметін көрсету жөнінде бас келісімшарттар жасалады.
Тендер түрі: ашық
Сауда басталуы: 2019 жылғы 13 маусым, 14:30, мекенжайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 "в"
Сауда аяқталуы: 2019 жылғы 13 маусым, 16:30, мекенжайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 "в"
Ұсыныстарды жинақтау мерзімі: 2019 жылғы 12 маусымға дейін 13:00, мекенжайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10 "в"
Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар:
Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар топтамалары:
1 топтама: Заңды құжаттар
1) Тендерге қатысуға бекітілген үлгідегі өтінім;
2) Нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмелері (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік);
3) Мемлекетпен лицензияланатын қызмет түріне қатысты лицензия көшірмелері (сәйкем келу үшін түпнұсқасы) (тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алу бойынша қызмет мемлекеттік лицензияны талап етсе);
4) Жеткізушінің уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) Тендерге қатысу үшін жеткізушінің уәкілетті өкіліне берілген сенімхат;
2 топтама: Қаржылық құжаттар
1) Көрсетілетін банктік реквизиттерді және банк алдындағы жоспарлы қарыздардың жоқтығын растайтын қызмет етуші банктен алынған түпнұсқа анықтама;
2) Бір жылға арналған заңды тұлғалардың қаржылық есеп беру көшірмелері, заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, жеке кәсіпкерлер үшін салықтық декларациялар, мөрдің болуы жоққа шығарылмайтын;
3) Жеткізушінің тіркелген орны бойынша Салық комитетінің салық төлемдерінің жоқтығы туралы түпнұсқа анықтама;
4) Жеткізушімен бұрын жұмыс істеген заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлерден ұсыныстар мен пікірлер көшірмелері, ынтымақтастық тәжірибесін, оның ішінде міндеттемелерді орындау кезінде мерзімдер мен толықтықты бағалайтын сипаттамаларды қамтиды;
5) Материалдық-техникалық базасы туралы мәліметтер;
6) Бағалық ұсыныстар;
7) Табыс салығы бойынша корпоративтік салық декларациялар көшірмелері, тендерге дейін үш жыл бұрын жүргізілген; алдыңғы бір жылдағы ұлттық есепте залалдар болған жағдайда, ұсынылған тауарлардың/жұмыстардың/қызметтердің бағасының негіздемесін көрсету қажет (халықаралық коммерциялық мәміле болған кезде кейін сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша).
3 топтама: Басқа құжаттар
1) Қызмет сипаттамасы, жеткізу шарттары, мерзімдер.
2) Потенциалды жеткізуші өзінің тендер өтінімін дайындау және ұсынуымен байланысты барлық шығындарға жауап береді, ал Банк және тендерлік комиссия тендерді өткізу тәсілі мен нәтижелеріне қарамастан осы шығындар үшін жауап бермейді және жауапкершілікті мойындайды.
Банктың Тендер комитеті тендерлік өтінімдердің қаралуы, бағалануы және салыстырылуына қатысты ақпаратты потенциалды қызмет көрсетушілермен немесе тендерін зерттеп, қарастыруға ресми қатыспайтын кез келген адамдармен бөліспеуі қажет.
"Нұрбанк" АҚ тендерді өткізуді болдырмауға немесе кейінге шегеруге құқылы, тендерге қатысу туралы өтінімдерін берген потенциалды жеткізушілерден тендерді болдырмау немесе қайта өткізудің жаңа мерзімін көрсетумен жазбаша хабарлама арқылы.
Потенциалды жеткізуші тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі басталғанға дейін өз өтінімін түзетуге немесе кері қайтарып алуға құқығы бар.
Байланысты тұлғалар:
Барлық сұрақтар бойынша: хабарласыңыз:
АО "Нұрбанк" филиалдары тізімі және инкассациялау қызмет түрлері (барлық тарифтер ҚҚС ескерілген)
Компаниялар тобының тізімі:
Компания |
Инкассация нүктелерінің атауы |
нүктелер саны |
Келу жиілігі |
нүктелердің орналасқан жері |
Нүктеге бір баруға ортақ тариф ҚҚС ескерілген. |
"Нұрбанк" АҚ |
ЦБО (59), АТМ (290), ПТ (174), ҰБРҚ (14) |
537 |
ЦБО (күнделікті) |
ҚР 15 қалалары және аймақтары бойынша |
|
"Гелиос" ЖШС |
АЗС |
308 |
АЗС (күнделікті) |
ҚР қалалары және аймақтары бойынша |
|
"Француз үйі" ЖШС |
Дүкендер |
55 |
ҚР қалалары және аймақтары бойынша |
||
"Caspian food" ЖШС |
Дүкендер |
6 |
Алматы қ. |
||
"Ақсай нан-тоқаш комбинаты" ЖШС |
Завод кассалары және дүкендер |
6 |
Алматы қ. (5), Көкшетау қ. (1) |
||
"Восток Бройлер" ЖШС |
Дүкендер |
1 |
Семей қ. |
||
"ВК-Ұн тарту комбинаты" АҚ |
Дүкен |
1 |
Семей қ. |
||
"Ертіс өзені бойы бройлер құс фабрикасы" ЖШС |
Дүкен |
1 |
Семей қ., Ертіс өзені бойы п. (қаладан 20 км) |
||
Барлық нүктелер: |
915 |