Тендерге 1-Қосымшада (Функционалдық талаптар) көрсетілген талаптарға сәйкес келетін заңды тұлғалар (әлеуетті қызмет жеткізушілер) жіберіледі.
Front-end/ back-end бөлігінде "Кредиттік Конвейер" АЖ-ны әзірлеуге Бизнес-талап (2-қосымша).
1) Жеткізушінің банктік деректемелерін, Жеткізушінің банк алдындағы мерзімі өткен берешегі жоқтығын және ақша қаражатына билік етуіне шектеулердің жоқтығын растайтын қызмет көрсетуші банктен анықтаманың түпнұсқасы;
2) заңды тұлғаның мөрімен расталған соңғы есепті кезеңдегі заңды тұлғалар үшін қаржылық есептіліктің, жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін салық декларациялардың көшірмелері;
3) жеткізушінің тіркелген жері бойынша Салық комитетінің салық төлемдері бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманың түпнұсқасы;
4) міндеттемелердің уақытылы, толық орындалуы мен басқаларын (бар болса) қоса әріптестік тәжірибесін бағалау мен сипаттамасы бар, жеткізушімен бұрын қызмет істеген заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсынымдары мен пікірлерінің түпнұсқасы немесе көшірмелері;
5) Жеткізушінің электрондық сауда алаңында тіркелуі туралы ақпараттың болуы (бар болса);
6) материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (қажет болған жағдайда);
7) әрекет ету мерзімі кемінде 3 ай болатын баға ұсыныстары (КП);
8) Тендер өткізілетін алдында 2 (екі) жыл бұрын Корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Алдыңғы екі жылда салық есебінде залалдар болған жағдайда, қатысушы ұсынылған тауардың / қызметтің (кейін халықаралық іскерлік операцияның мәні болып табылатын, тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алу бойынша) негізделген бағаларын беруі қажет;
9) Тендерлік комиссияның шешіміне сәйкес басқа да құжаттар.
Банктің Тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты әлеуетті қызметтерді жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екендігін ескертеміз.
«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінімдер берген әлеуетті жеткізушілерді тендердің болмайтыны немесе өткізілудің жаңа күнін көрсете отырып ауыстырылғаны туралы жазбаша (электронды) хабардар ету арқылы тендердің өткізілуін болдырмауға немесе кейінге қалдыруға құқылы.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті қызмет ұсынушының өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, уәкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады.
Тендерлік құжаттаманы ұсынудың соңғы мерзімі 2025 жылдың «28» мамырдың сағат 12:00-де. Құжаттар Алматы қ., Абай даңғ., 10 «В», 204 каб. мекенжайында орналасқан Банк кеңсесіне (конвертте байланыс деректерін көрсете отырып) аузы желімденген конвертте тапсырылады.