Тендерге осы хабарландырудың №№1,2 қосымшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келген заңды тұлғалар (әлеуетті қызмет жеткізушілер) жіберіледі.
Тендерге берілген өтініштерді бағалаудағы өлшемдер:
төлем шарты: 50% алдынала төлем, 50% кейінгі төлем
Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін ерекше атаймыз.
«Нұрбанк» АҚ тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің өткізілмейтіні немесе кейінге қалдырылғаны туралы жазбаша хабарламасын (электрондық) жібере отырып, тендерді өткізбеуге немесе кейінге қалдыруға құқылы.
Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады.
Еншілес компаниялар тендерге қатыса алмайды.
Сондай-ақ, әлеуетті өнім беруші тендерге қатысу туралы растауды және орнатылған турникеттердің түпкілікті көрінісін визуализациялай отырып, оның сипаттамалары мен артықшылықтарын тізіп, орнатылатын кіруді басқару жүйесінің жабдығының электрондық тұсаукесерін searenov@nurbank.kz электрондық поштасына жіберуі тиіс.
Байланысушы тұлға: Аренов Сергей Амангельдиевич, телефон: +7 (727) 259 9710, ішкі нөмері 4610, пошта: searenov@nurbank.kz