Қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесін (ҚББЖ) жеткізу, монтаждау және орнату қызметтерін сатып алу

Қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесін (ҚББЖ) жеткізу, монтаждау және орнату қызметтерін сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
16.04.2026
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
16:00
Алматы қ., Абай даңғ., 10 «В»,
3 қабат, кабинет 310
06.04.2026

Ұсыныстар мен жиынтықтарды жинау

Мерзімі:
15.04.2026
Уақыт:
12:00-ге (қоса алғанда) дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы 10В, 204 кабинет

Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар

Тендерге осы хабарландырудың №№1,2 қосымшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келген заңды тұлғалар (әлеуетті қызмет жеткізушілер) жіберіледі.

Тендерге берілген өтініштерді бағалаудағы өлшемдер:

  • әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сай келуі;
  • тендерге берілген өтінішінің тендерлік құжаттаманың техникалық сипаттамаларына/талаптарына сәйкес келуі;
  • ұсынылған баға;

төлем шарты: 50% алдынала төлем, 50% кейінгі төлем

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар топтамасын

Заңдық құжаттар
  1. белгіленген үлгідегі Тендерге қатысуға берілетін өтініш;
  2. құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаның тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәліктің немесе анықтаманың немесе жеке кәсіпкердің  тіркелгені туралы куәліктің/жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарламаның көшірмелері;
  3. жарғының, сенімхаттың, бірінші басшыны тағайындау туралы шешім мен бұйрықтың, жауапкершілігі шектеулі серіктестік құру туралы шешімнің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің хаттамасының (бар болса) көшірмелері;
  4. белгілі бір қызметті жүзеге асыруға берілетін рұқсаттың, лицензияның  көшірмелері (рұқсат қағаз тасымалдағышта берілген жағдайда салыстыру үшін түпнұсқасы) (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша қызмет жасауға рұқсат алу талап етілсе) немесе хабарламаларды,  мемлекеттік электрондық реестрден рұқсаттар мен Үміткер жіберген хабарлама туралы хабарландыруларды қабылдайтын мемлекеттік орган берген аталған құжаттардың көшірмелері (сатып алынатын тауарлар/жұмыс/қызметтер бойынша қызмет хабарламаны жіберуді талап етсе);
  5. қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, Үміткердің банктік деректемелерін, Үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін, ақша қаражатын басқаруда шектеу жоқ екенін растайтын  анықтаманың түпнұсқасы; жеткізушінің уәкілетті тұлғасының – өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  6. заңды тұлғаның уәкілетті органының атқарушы органды (басшыны) сайлау (тағайындау) туралы шешімі, құжаттың нотариалдық түрде расталған көшірмесі.
Қаржылық құжаттар
  1. заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, заңды тұлғаның соңғы есептік кезеңдегі қаржы есептілігінің, жеке, кәсіпкерлік қызметімен айналысатын тұлғалар салық декларациясының  көшірмелерін тапсыруы тиіс
  2. Үміткердің тіркелген мекеніндегі Салық комитетінен алынған  салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы
  3. бұрын Үміткермен ынтымақтаса жұмыс істеген заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ынтымақтастық тәжірибесіне берген  бағалары мен сипаттамаларын қамтитын, оның ішінде міндеттемелердің уақтылы орындалуы, толық орындалуы және т.б. ұсынымдары енген ұсыныстары мен пікірлерінің түпнұсқасы немесе көшірмелері (бар болса)
  4. үміткерлің ЭСП-ға тiркелгенi туралы мәлiметтер (болған жағдайда)
  5. материалдық-техникалық базасы туралы мәліметтер (қажет болған жағдайда)
  6. уәкілетті тұлға – Үміткер өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
  7. үміткердің уәкілетті тұлғаға Тендерге қатысуға берген сенімхаты
  8. ұсынған бағасы
  9. тендерге дейінгі 2 (екі) жылдағы Корпоративтік табыс салығы декларациясының көшірмесі. Алдыңғы екі жылдағы салық есебінде шығындар болған жағдайда, қатысушы ұсынылған тауардың/қызметтің бағасының негіздемесін тапсыруы тиіс (кейін халықаралық іскерлік операцияның нысаны болатын тауар/жұмыс/қызмет сатылымдары бойынша)
  10. тендерлік комиссияның шешіміне сәйкес өзге де құжаттар
  11. жалпыға бірдей белгіленген салық режимін қолдануды жазбаша растау
Басқа құжаттар
  1. Жабдықтың техникалық сипаттамасы;
  2. Клиенттің бар кіреберіс аймағына біріктірілген ұсынылған жабдықтың фотореалистік 3D визуализациясы. Визуализация алаңдағы жабдықтың өлшемдерін, материалдарын, түс схемасын және орналасуын нақты көрсетуі керек.
  3. Штат бойынша тиісті дипломдары мен сертификаттары бар білікті мамандардың (инженерлердің, слесарлардың) болуы туралы мәліметтер;
  4. Өртке қарсы қызметтің өрт автоматикасы жүйелерін орнатуға, реттеуге және техникалық қызмет көрсетуге рұқсаты;
  5. Күзет сигнализациясын орнатуға, реттеуге және техникалық қызмет көрсетуге байланысты қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама;
  6. I немесе III санаттағы құрылыс-монтаж жұмыстарына (СЖЖ) лицензия (ішкі инженерлік желілердің төмен ток жүйелері мен құрылғылары).

Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін ерекше атаймыз.

«Нұрбанк» АҚ тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің өткізілмейтіні немесе кейінге қалдырылғаны туралы жазбаша хабарламасын (электрондық) жібере отырып, тендерді өткізбеуге немесе кейінге қалдыруға құқылы.  

Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады.

Еншілес компаниялар тендерге қатыса алмайды.

Сондай-ақ, әлеуетті өнім беруші тендерге қатысу туралы растауды және орнатылған турникеттердің түпкілікті көрінісін визуализациялай отырып, оның сипаттамалары мен артықшылықтарын тізіп, орнатылатын кіруді басқару жүйесінің жабдығының электрондық тұсаукесерін searenov@nurbank.kz электрондық поштасына жіберуі тиіс. 

Байланысушы тұлға: Аренов Сергей Амангельдиевич, телефон: +7 (727) 259 9710, ішкі нөмері 4610, пошта: searenov@nurbank.kz

№2 Қосымша

Қатысуға өтінім