Жетекші кредиттік менеджер

Жетекші кредиттік менеджер

Шағын және орта бизнестің клиенттерімен жұмыс істеу бөлімі
Қостанай
Вакансияға жауап беру

Міндеттері:

  1. Шағын және микро кәсіпкерлікке (бұдан әрі-ШКС) жаңа клиенттер тарту мақсатында консультациялар жүргізу, презентациялар өткізу, Әлеуетті және қолдағы клиенттердің қызметін зерттеу арқылы олардың «Нұрбанк» АҚ (бұдан әрі-Банк) ұсынатын қаржылық қызметтерге қажеттілігін анықтау;
  2. Іскерлік хат алмасуларды жүргізу:
    1. Банктің Бас офисінің (бұдан әрі - ББ) жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесімен (бұдан әрі – ҚБ) / Филиалдың басқа бөлімшелерімен ШКС клиенттеріне қызмет көрсету сапасын жақсарту және басқа мәселелері бойынша;  
    2. ШКС қарыз алушыларымен қызмет көрсету мәселелері бойынша (соның ішінде міндеттемелерді орындамағаны туралы хабарлама жіберу);
    3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өз құзыреті шегінде;
    4. бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша басқа ұйымдармен/тұлғалармен.

 

Талаптар:

Білімі: 1. қаржы/экономика/заң/техника-экономикалық/ менеджмент/математика саласындағы жоғарғы білім. 2. қаржы/экономика саласындағы арнайы орта білім. 3. Басқа да жоғарғы білім. Жұмыс тәжірибесі:

  1. Банктік/қаржылық құрылымдарда/ микро кредиттік ұйымдарда (кредиттік бөлімшелер) кемінде 6 (алты) ай
  2. Жоғарғы білімі басқа саладан болған жағдайда, Банктік құрылымдарда/ микро кредиттік ұйымдарда (кредиттік бөлімшелер) кемінде 1 (бір) жыл.

Лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті арнайы білімі:

  1. Банк қызметі бағыты бойынша ҚР Банктік заңнамасы мен ҚР Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілерін білу.
  2. Банктегі ШКС кредиттеу қағидаттарын білу.
  3. ШКС кредиттеу өнімдерін білу.
  4. Сату техникасын меңгеру.
  5. Келіссөз жүргізу техникасын меңгеру.
  6. Презентация дайындау және өткізу дағдысы.
  7. Шешім қабылдауға қажетті ақпарат жинау және талдау дағдысы.
  8. мемлекеттік (білгені абзал) және орыс тілдерін білу.

барлық офистік бағдарламаларды білу және олармен жұмыс істеу біліктілігі

23.02.2026
Вакансияға жауап беру
PDF, DOC, DOCX немесе PPTX форматындағы файлды тіркеңіз