|
Міндеттері:
- ШОБ-қа жаңа клиенттер тарту мақсатында консультациялар жүргізу, презентациялар өткізу, ШОБ-тың әлеуетті және қатардағы клиенттерінің қызметін зерттеу арқылы олардың Банк ұсынатын қаржылық қызметтерге қажеттілігін анықтау;
- Іскерлік хат алмасуды жүргізу;
- ШОБ қарыз алушыларына Банктің және оның Еншілес компанияларының ұсынатын кешенді қаржылық қызметтер пакетін сату, соның ішінде коммерциялық кредиттеу, кепілдіктерді шығару, заңды тұлғалардың депозиттерін тарту, қашықтан банктік қызмет көрсету, сақтандыру және басқа қызметтер ұсыну;
- Қаржыландыру жобасына қаржы-экономикалық талдау жүргізу және сараптамалық қорытынды дайындау;
- ШОБ қарыз алушыларының шоттарындағы қалдықтар мен айналымдарды көбейтуді қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу мақсатында ШОБ қарыз алушыларының шоттары бойынша қалдықтар мен айналымдарына талдау жүргізу;
- Жобаларға қаржылық мониторинг жүргізу және ішкі нормативтік құжаттар мен бекітілген кестеге сәйкес мониторингтік есептерді дайындау, сондай-ақ ағымдағы және мерзімі өткен қарыздар бойынша мониторингтік есептерді Кредиттік комитеттердің қарауына уақтылы ұсыну;
- Банктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес ШОБ клиенттеріне берілген қарыздардың мақсатты пайдалануын тексеру.
Білімі:
1. экономика/қаржы/математика/техника салаларындағы жоғарғы білім.
2. Басқа да жоғарғы білім.
3. жоғарғы білім (іштегі кандидатты көшірген кезде).
Жұмыс тәжірибесі:
- Қаржы/заң/экономика/математика/техника саласындағы жоғарғы білімі болған жағдайда, банктік/қаржылық құрылымдарда немесе микро кредиттік ұйымдарда (кредиттік бөлімшелер) кемінде 1 (бір) жыл.
- Жоғарғы білімі басқа саладан болған жағдайда, банктік құрылымдарда немесе микро кредиттік ұйымдарда (кредиттік бөлімшелер) кемінде 2 (екі) жыл.
Ілімі: Банк саласындағы Бөлімінің қызметіне қатысты ҚР заңнамасын және ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актілерін білу.
- Банктегі ШОБ кредиттеу қағидаттарын білу.
- ШОБ кредиттеу өнімдерін білу.
- Сату техникасын меңгеру.
- Келіссөздер жүргізу техникасын меңгеру.
- Презентация әзірлеу және өткізу дағдысы.
- Ақпаратты жинау және талдау дағдыларына ие болу.
- Мемлекеттік (білгені абзал) және орыс тілдерін білу.
- барлық офистік бағдарламаларды білу және олармен жұмыс істеу біліктілігі.
|