Бөлшек сауда бизнесі жөніндегі жетекші маман

Бөлшек сауда бизнесі жөніндегі жетекші маман

Шымкент
Вакансияға жауап беру

Міндеттері:

    1. Бекітілген аумақта бөлшек сауданың кредиттік өнімдері мен депозиттері бойынша клиенттерді тарту мақсатында күнделікті презентациялар өткізу;
    2. Бөлшек сауданы кредиттеуді және бөлшек сауда бизнесінің кредиттік өнімдерін қозғауға жетекшілік ететін Бөлшек сауда бизнес департаменті (БСБД) белгілеген жоспарларға сәйкес презентациялар, өтінімдер, кредит беру және депозиттік портфельдің өсуін қамтамасыз ету (mass сегмент) бойынша жоспарларды орындау;
    3. Бөлшек сауда бизнес клиенттерін (бұдан әрі – БСБ) тауарлық кредит/бөлшек сауда бизнесінің кредиттік  өнімдері мен депозиттер бойынша консультация беру, БСБ-ның әлеуетті және ағымдағы клиенттерімен тұрақты іскерлік байланыстарды орнату және қолдау;
    4. Кредитті рәсімдеу кезеңінде клиентке бастапқы сәйкестендіру жүргізу (клиенттің сыртқы келбеті мен қолтаңбасын жеке куәліктегі деректермен салыстыру);
    5. Кредит алуда талап етілетін құжаттарды толтыру бойынша консультациялар беру;
    6. Филиалдың клиенттік базасын сақтау және ұлғайту мақсатында БСБ-ның ағымдағы және әлеуетті клиенттерінің қажеттіліктерін анықтау;
    7. Бөлшек сауданың кредиттік өнімдері мен депозиттерін тиімді сату және ілгерілету қамтамасыз ету;
    8. Клиенттерге сапалы және жан-жақты қызмет көрсету.

Білімі:

  • жоғарғы білім.

Жұмыс тәжірибесі:

  • қаржы/банк құрылымында немесе сату саласында кемінде 1 (бір) жыл.

Лауазымдық міндеттерін атқаруына қажетті жалпы ілімдер/біліктер:

  1. Компьютерде жұмыс істеу біліктілігі, MS Office стандартты пакетінің негізгі бағдарламаларын (қолданушы) білу;
  2. Іскерлік қарым-қатынас орнату әдебі жайлы біліктілігі;  
  3. Сауатты жазбаша және ауызша сөйлеу дағдысы;
  4. Еңбекті қорғау, еңбекті ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын, жұмыстың ішкі тәртібінің ережелерін білу.

Тілдерді білуі:

  1. Мемлекеттік;
  2. Орыс;

Ағылшын – қажет болған кезде.

23.02.2026
Вакансияға жауап беру
PDF, DOC, DOCX немесе PPTX форматындағы файлды тіркеңіз