Бөлім бастығы

Бөлім бастығы

Шағын және орта бизнестің клиенттерімен жұмыс істеу бөлімі
Алматы
Вакансияға жауап беру

Міндеттері:

    1. Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына қатысты бөлімше жұмыскерлерінің қызметіне жетекшілік ету, ұйымдастыру және бақылау жүргізу;
    2. Шағын және орта бизнеске (бұдан әрі – ШОБ) жаңа клиенттер тарту мақсатында консультациялар жүргізу, презентациялар өткізу, ШОБ-тың әлеуетті және қатардағы клиенттерінің қызметін зерттеу арқылы олардың «Нұрбанк» АҚ (бұдан әрі – Банк) ұсынатын қаржылық қызметтерге қажеттілігін анықтау
    3. Іскерлік хат-хабар алмасуды жүргізу;
    4. ШОБ клиенттеріне Банктің және оның еншілес компаниялары көрсететін кешенді қаржылық қызметтер, оның ішінде коммерциялық кредиттеу, кепілдіктер шығару, заңды тұлғалардың депозиттерін тарту, есеп-кассалық қызмет көрсетуден кірістер алу, қашықтан банктік қызмет көрсету, сақтандыру және басқа қызметтер пакетін сату;
    5. Қаржыландыру жобаларын қарастыру үдерісін сүйемелдеу (соның ішінде қаржыландыру жобаларын сараптауға қажетті құжаттарды жинау), қаржыландыру жобасы бойынша қорытынды пакетін құру;
    6. Қаржыландыру жобасына қаржылық-экономикалық талдау жүргізу және сараптамалық қорытындыны дайындау жұмыстарының жүргізілуін тексеру/бақылау.

 

Білімі:

экономика/қаржы/заң/техника-экономика салаларындағы жоғарғы білім;

жоғарғы білім (іштегі кандидатты көшірген кезде).

Жұмыс тәжірибесі:

  1. банк құрылымдарындағы (кредит бөліміндегі) жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
  2.  жоғарғы білімі басқа саладан болған жағдайда, банктік құрылымдарда немесе микро кредиттік ұйымдарда (кредиттік бөлімшелер) кемінде 5 (бес) жыл.

 

Ілімі: 1. мемлекеттік (білгені абзал) және орыс тілдерін білу;

  1. Қазақстан Республикасындағы ЕДБ қызметін реттейтін банктік заңнама мен нормативтік құқықтық актілерін білу;
  2. Ұйымдастырушылық қабілет пен көшбасшылық қасиеттерінің болуы;

4. барлық офистік бағдарламаларды білу және олармен жұмыс істеу біліктілігі.

 

23.02.2026
Вакансияға жауап беру
PDF, DOC, DOCX немесе PPTX форматындағы файлды тіркеңіз