Банк қызмет көрсету орталығының бастығы

Банк қызмет көрсету орталығының бастығы

Операциялық қызмет
Орал
Вакансияға жауап беру

Міндеттері:

  • Банк қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі – БҚО) жалпы басшылық жасау және оның филиалдың ережесіне, ішкі нормативтік құжаттарға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясындағы тұрақты және тиімді жұмысын қамтамасыз ету. Филиалдың құрылымдық бөлімшелерімен және «Нұрбанк» АҚ (бұдан әрі – Банк) Бас офисімен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету.

  • Банк өнімдері / қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету. Ішкі нормативтік құжаттарға және қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес несиелік, депозиттік және операциялық қызмет көрсетудің сапасын қамтамасыз ету.

  • БҚО несиелік портфелінің сапасына бақылау жүргізу, несиелерді уақытылы жіктеу, проблемалық қарыздарды қайтару және кепілдік мүлікті іске асыру бойынша филиалдың заң бөлімімен бірлесіп жұмыс жасауды бақылау.

Білім:

  • Жоғары қаржылық, экономикалық, техникалық, заңгерлік;
  • Жоғары (Банктің ішкі ауыстыруы кезінде).

Жұмыс тәжірибесі:

  • Банктік құрылымда 3 жылдан кем емес, соның ішінде несиелік / операциялық қызметте;
  • Жеке банктік операцияларды жүзеге асыратын қаржылық ұйымдарда 3 жылдан кем емес;
  • Егер жұмыс тәжірибесі банктік құрылымда және қаржылық ұйымдарда жеке банктік операцияларды жүзеге асыру кезінде бар болса, жалпы тәжірибе 3 жылдан кем емес болуы тиіс.
13.12.2024
Вакансияға жауап беру
PDF, DOC, DOCX немесе PPTX форматындағы файлды тіркеңіз