Ақпараттық технологиялар маманы

Ақпараттық технологиялар маманы

IT
Орал
Вакансияға жауап беру

Міндеттері:

  1. Банк филиалының/Орталық Банк бөлімшесінің бағдарламалық және аппараттық құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

  2. Филиалдың/Орталық Банк бөлішмесінің желісінің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету және рұқсат етілмеген кіруден қорғау;

  3. Файлдық қызмет пен Lotus Notes жүйесінің үздіксіз жұмыс жасауы үшін коммуникациялар бойынша деректер алмасуды қолдау және мониторингін қамтамасыз ету;

  4. Компьютерлік, серверлік, коммуникациялық және басқа да электрондық (кеңсе техникасы, модемдер, мини АТС, UPS) жабдықтарды, қолданбалы және жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және баптауды қамтамасыз ету;

  5. Филиалдың/Орталық Банк бөлімшесінің компьютерлік, коммуникациялық, серверлік және басқа электрондық жабдықтарын жаңарту және жетілдіру;

  6. Филиалдың/Орталық Банк бөлімшесінің қызметкерлеріне коммуникациялық және бағдарламалық-техникалық мәселелер бойынша техникалық және консультациялық қолдау көрсету;

  7. Банк клиенттеріне қашықтықтан банктік қызмет көрсету жүйелерін (ҚБК, Интернет және Home Banking) орнатуда кеңес беру және тәжірибелік көмек көрсету, қызмет көрсету мәселелері бойынша Клиенттермен қарым-қатынас орнату;

Білімі: 

  • жоғары техникалық/математикалық білім
  • аяқталмаған жоғары білім (сырттай оқу ЖОО-ның 4-5 курсы)
  • арнайы орта техникалық білім;

Жұмыс тәжірибесі: 

  • жоғары білімі бар түлек үшін жұмыс тәжірибесі қажет емес
  • аяқталмаған жоғары/арнайы орта біліммен кәсіп бойынша ең аз 6 ай

Білімі:

  • мемлекеттік және орыс тілдерін білу
  • компьютерлік және серверлік жабдықпен жұмыс істеу дағдылары
  • барлық кеңселік бағдарламалармен жұмыс істеу дағдылары
  • жұмыс станцияларын басқару, баптау және диагностикалауға арналған арнайы бағдарламалар мен процедураларды білу.
13.12.2024
Вакансияға жауап беру
PDF, DOC, DOCX немесе PPTX форматындағы файлды тіркеңіз