Кредиттік менеджер

Кредиттік менеджер

Шағын және орта бизнестің клиенттерімен жұмыс істеу бөлімі
Көкшетау
Вакансияға жауап беру

Міндеттері:

  • Банктің қызметін пайдалана алатын әлеуетті жаңа және қолдағы  ШОБ клиенттерін анықтау мақсатында кеңес беру, презентациялар өткізу және олардың қызметін зерттеу арқылы қаржылық қызметтерге қажеттілігін анықтау;
  • Іскерлік хат алмасуларды жүргізу;
  • Банктің және оның еншілес компанияларының ШОБ қарыз алушыларына кешенді қаржылық қызметтер пакетінің сатылуын жүзеге асыру;
  • Қаржыландыру жобасына қаржы-экономикалық талдау жүргізу және сараптамалық қорытынды дайындау;
  • ШОБ қарыз алушыларының шоттарындағы қалдықтар мен айналымдарды көбейтуді қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу мақсатында ШОБ қарыз алушыларының шоттары бойынша қалдықтар мен айналымдарына талдау жүргізу;
  • Жобаларға қаржылық мониторинг жүргізу және Банктің ішкі нормативтік құжаттары талаптарына сәйкес мониторинг есептерін дайындау, сондай-ақ ағымдағы және мерзімі өткен қарыздар бойынша мониторинг есептерін Кредиттік комитеттердің қарауына уақытылы ұсыну;
  • Банктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес ШОБ клиенттеріне берілген қарыздардың мақсатты пайдалануын тексеру.

 

Білімі: - қаржы/экономика саласындағы жоғарғы білім;

  • қаржы/экономика саласындағы арнайы орта білім;
  • қаржы/экономика саласындағы аяқталмаған жоғарғы білім; - басқа да жоғарғы білім. Жұмыс тәжірибесі:
    1. Банктік/қаржылық құрылымдарда/микро кредиттік ұйымдарда (кредиттік бөлімшелер) кемінде 6 (алты) ай.
    2. Жоғарғы білімі басқа саладан болған жағдайда, банктік  құрылымдарда/микро кредиттік ұйымдарда (кредиттік бөлімшелер) кемінде 1 (бір) жыл.

 

Ілімі: - барлық офистік бағдарламаларды білу және жұмыс істеу біліктілігі.

22.12.2025
Вакансияға жауап беру
PDF, DOC, DOCX немесе PPTX форматындағы файлды тіркеңіз