«Нұрбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама

«Нұрбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама

«Нұрбанк» акционерлік қоғамы (әрі қарай — Банк, мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік № 3868-1900-АҚ 2004 жылғы 9 қараша), мекенжайы: Алматы қ., Абылай хан даңғ., 51/53, «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 19 наурыздағы шешіміне сәйкес сізді Банктің акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына шақырады (әрі қарай — Жиналыс).

Жиналыс 2012 жылғы 26 сәуірде сағат 10:00-де, мекенжайы: Алматы қ., Абылай хан даңғ., 51-53, акционерлерді тіркеу басталатын уақыт — сағат 09:00-де өтеді.

Кворум болмаған жағдайда 2012 жылғы 26 сәуірдегі Жиналыс 2012 жылғы 27 сәуірде сағат 10:00-де, мекенжайы: Алматы қ., Абылай хан даңғ., 51-53 қайта шақырылады, акционерлерді тіркеу басталатын уақыт — сағат 09:00-де.

«Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесі жиналыстың келесі күн тәртібін бекітті:

1. 2011 жыл бойынша «Нұрбанк» АҚ-ның жылдық қаржылық есеп-қисабын бекіту.

2. 2011 жылғы «Нұрбанк» АҚ-ның таза табысын бөлу тәртібі туралы мәселені шешу.

3. 2011 жыл бойынша «Нұрбанк» АҚ-ның қарапайым акциялары бойынша дивидендтерді төлеу және бір қарапайым акцияға есептелген дивиденд мөлшері туралы мәселені шешу.

4. 2012 жыл бойынша «Нұрбанк» АҚ аудитін жүргізу үшін аудит ұйымын анықтау.

5. 2011 жылғы «Нұрбанк» АҚ-ның іс-әрекеттері мен лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттері бойынша акционерлердің өтініштерін қарау және олардың нәтижелерін талқылау.

6. 2011 жылы «Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшелері мен банктің басқарма мүшелеріне төленген сыйақы мөлшері мен құрамы туралы акционерлерді ақпараттандыру.

7. «Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің жаңа редакциядағы Ережесін бекіту және жалпы акционерлер жиналысымен бекітілген 2008 жылғы 28 наурыздағы «Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің Ереже күші жойылды деп тану.

8. 2008 жылғы 5 қыркүйектегі «Нұрбанк» АҚ-ның акцияларын кері сатып алу кезінде бағаны анықтау әдістемесін өзгертулер мен толықтырулар енгізу, бұл арнайы акционерлер жиналысында бекітілген.

Жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2012 жылғы 20 наурызда жасалған.

Сізге ескертеміз, ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес, егер акционерлер тізімі жасалғаннан кейін жалпы акционерлер жиналысына қатысу және дауыс беру құқығы бар тізімге енгізілген тұлға оларға тиесілі дауыс беретін акцияларды иеліктен шығарған болса, онда қоғамның жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Бұл кезде акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттар ұсынылуы қажет.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 17-бабының 5-тармағына сәйкес, уәкілетті органмен белгіленген оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар тікелей немесе жанама түрде Қазақстан Республикасының резидент банктерінің дауыс беретін акцияларын иемдене алмайды, пайдалана алмайды және (немесе) билігін жүргізе алмайды.

Жалпы акционерлер жиналысына қатысатын акционер жоғарыда аталған талаптардың оның акционерлерімен (қатысушыларымен) орындалғанын көрсететін мәлімдеме ұсынады. Бұл мәлімдемені ұсынып үлгермеген акционер жалпы акционерлер жиналысына қатыса алмайды.

Жиналысты өткізу мәселелері бойынша және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қажетті ақпаратпен (материалдармен) танысу үшін «Нұрбанк» АҚ-ның корпоративтік хатшысы м.а. Ананин Тимур Викторовичке хабарласуларыңызды сұраймыз (мекенжайы: г. Алматы, Абылай хан даңғ., 51–53, тел: 2599–710, ішкі. 5783).

26.03.2012