«Нұрбанк» акционерлік қоғамы (мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі № 3868-1900-АО, 09.11.2004 ж., БИН 930940000164) 2022 жылғы 14 желтоқсанда артықшылықты акциялар (ISIN KZ000A1CTMV3) бойынша 2021 жылға арналған 1000 теңге мөлшерінде бір артықшылықты акция үшін жарғыға сәйкес дивидендтерді төлеу аяқталғанын хабарлайды. Акционерлерге төлеуге жататын және нақты төленген дивидендтердің жалпы сомасы 225 695 000 теңгені құрады. Дивидендтерді төлеу үшін акционерлер тізілімі 2022 жылғы 13 желтоқсандағы сағат 00:00 күйі бойынша тіркелді.