Банктің клиенттерінің жинақ шоттарынан заңсыз ақша алу ісі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпаратқа сәйкес, «Нурбанк» АҚ келесідей түсініктеме береді:
2014 ж. жүргізілген тергеу нәтижесінде Алматы қ. Алмалы аудандық соты менеджерді қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған 5,6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, мүлкі тәркіленіп, жалпы режимдегі түзету колониясында жазасын өтеу қарастырылды. Сонымен қатар, банк тарапынан жүргізілген қызметтік тексеру нәтижесінде екі кассир жауапкершілікке тартылып, жұмыс берушінің бастамасы бойынша ҚР Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 9-10-тармақшаларына сәйкес еңбек шарты бұзылды.
Құқықтық нормаларды сақтау және клиенттердің ақшалай қаражаттарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қылмыс жағдайлары анықталғаннан кейін Банк есептердегі жетіспеген сомаларды қалпына келтірді.
Осылайша, «Нурбанк» АҚ өз клиенттерінің ақшалай қаражаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.