Осы арқылы «Нұрбанк» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен акцияларды орналастыру нәтижелері туралы есептің бекітілгенін хабарлайды.
- Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы, бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні - қолданылмайды;
- Шығарылуға жарияланған бағалы қағаздардың түрі, саны, бағалы қағаздарға берілген ұлттық сәйкестендіру нөмірі - қолданылмайды;
- Облигациялар шығарылған жағдайда, номиналды құны, айналыс мерзімі мен өтеу тәртібі, олардың кірісін төлеу тәртібі мен мерзімдері, проспектісінде көрсетілген кепілдіктер және (немесе) басқа шектеулер қосымша көрсетіледі - қолданылмайды;
- Жарияланған бағалы қағаздардың санын ұлғайту: бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне енгізілген өзгерістердің мемлекеттік тіркеу күні мен жарияланған бағалы қағаздар санын ұлғайту туралы шешім қабылдау күні және осы шешімді қабылдаған акционерлік қоғам органдарының мәліметтері, бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне енгізілген тиісті өзгерістерден кейін жарияланған бағалы қағаздардың саны мен түрлері бойынша тізімде көрсетіледі - қолданылмайды;
- Бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылдау күні - қолданылмайды;
- Бағалы қағаздарды орналастырудың басталу күні, бағалы қағаздарды орналастыру шарттары, оның ішінде орналастыруға ұсынылған бағалы қағаздардың саны және орналастыру тәсілі - қолданылмайды;
- Бағалы қағаздар орналастырудың аяқталу күні (есептік кезең бойынша орналастыру ұйғарымымен қоса), бағалы қағаздарды өтеу күні – орналастыру кезеңі: 2014 жылғы 11 қазаннан 2015 жылғы 10 сәуірге дейін;
- Бағалы қағаздарды орналастыру нәтижелері туралы есеп бекітілу күні, есептік кезеңде орналастырылған (өткен) бағалы қағаздардың саны мен түрін көрсетумен - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен 12.05.2015 жылы бекітілген, есептік кезеңде акциялар орналастырылмаған;
- Акционерлік қоғаммен есептік кезеңде шығарылған бағалы қағаздардың түрін ұстаушылардан сатып алынған саны мен түрі - сатып алынбаған;
- Есептік кезеңде акциялар бойынша дивидендтерді, облигациялар бойынша кірісті төлеу туралы мәліметтер – артықшылықты акциялар бойынша 2013 жылға дивидендтерді төлеу 23.12.2014 жылы жүзеге асырылды. 2013 жылға артықшылықты акциялар бойынша есептелген және төленген дивидендтер сомасы 225 695 000,00 теңге. 2013 жылға қарапайым акциялар бойынша дивидендтер төленбеген;
- Бағалы қағаздар шығарылымының жойылу күні, жойылу негіздемесімен бірге - қолданылмайды.