Француз үйінде «Нұрбанк» АҚ ұйымдастырған бірегей көрме ашылды. Қолданбалы өнер коллекциясын Банк көптеген жылдар бойы жинақтаған және енді Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының тарихи мұраны өз көзімен көруге мүмкіндігі бар.
Коллекцияға 18-20 ғғ. зергерлік бұйымдар, 20 ғасырдың басындағы қолдан тоқылған кілемдер, 19-20 ғғ. мыс және жезден жасалған тұрмыстық заттар – құмыралар, күнгандар, самаурындар, суық қарулар, жылқы ер-тұрмандары және т.б. кіреді. Ең көне тұрмыстық зат - 1748 жылғы өлшеуіш шөміш, ең ерекше - Абылай ханға тиесілі, рубин тасымен әшекейленген күміс тіс шұқуышы-құлақ тазалағыш.
Мекенжайы: Француз үйі, Фурманов көшесі, 187А, Абая даңғылының қиылысы
Барлық ақпарат телефоны: 8 (727) 2222222
Кіру тегін.