Нурбанк «Көк Төбе» паркінде жаңа аспалы жол салуды қаржыландырады

Нурбанк «Көк Төбе» паркінде жаңа аспалы жол салуды қаржыландырады

2014 жылы 16 сәуірде «Көк Төбе» паркі басшылығы француздық «POMA» компаниясымен Көк Төбеге жаңа гондольды жол салу үшін жабдық жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды. 2014 жылдың 6 желтоқсанында болашақ аспалы жолдың жаңа кабиналарын қабылдау актісі қол қойылады. Жобаны Нұрбанк қаржыландырады. «Көк Төбе тауы - Алматының ең әсем және таңғажайып орындарының бірі. Қала тұрғындары мен қонақтарының қолайлылығы үшін аспалы жолды толық жаңартуға шешім қабылданды»— деп атап өтті «Нұрбанк» АҚ Басқарма төрағасы Қантар Орынбаев.

Еске саламыз, аспалы жолды толық қайта құру 1 қыркүйекте басталды. Жұмыс барысында жоғарғы және төменгі станциялар мен техникалық тіректер ажыратылады. Қолданыстағы маятникті аспалы жолдың орнына гондолды түрдегі жаңа аспалы жол салынады. Құрылысы кезінде Көктөбе паркі жұмысын штаттық режимде жалғастырады. Онда арнайы автобустармен жетуге болады, жеке автокөліктермен келген қонақтар үшін автотұрақ та қарастырылған.

Жоспар бойынша алматылықтар мен қала қонақтарын Көктөбеде 2015 жылдың маусым айында жаңа сегіз орындық жайлы кабиналар күтіп тұрады. Айта кету керек, Көк Төбедегі аспалы жол 1967 жылы пайдалануға берілген, кейінірек 2005 жылы Көк Төбе тауын бекіту және аспалы жол кешенін реконструкциялау жұмыстары жүргізілді.

05.12.2014