MobiPass мобильді қосымшасы іске қосылды

MobiPass мобильді қосымшасы іске қосылды

Құрметті «Нурбанк» АҚ клиенттері!

Сіздерге «OPEN24 жеке тұлғаларға арналған интернет-банкинг жүйесіне» қосымша функционалдың – «MobiPass»-тың іске қосылуы жөнінде хабарлаймыз.

«MobiPass» — «Интернет-банкинг OPEN24» жүйесінде операцияларды (төлемдер мен аударымдарды) растау үшін сеанстық кілттерді (бірреттік құпиясөздер) генерациялауға мүмкіндік беретін мобильді құрылғыларға арналған қосымша.

«MobiPass» қосымшасы Java MIDP 2.0 қолдайтын барлық заманауи мобильді телефондарда, сондай-ақ Symbian, Windows Mobile, Android және iOS операциялық жүйелері бар басқа да мобильді құрылғыларда (смартфондар, планшеттер...) жұмыс істейді.

«MobiPass» қосымшасы арқылы бірреттік құпиясөздерді генерациялаудың артықшылықтары:

Бұл ОҢАЙ. Бірреттік құпиясөздер мобильді телефонда тікелей генерацияланады;

Бұл ЖЫЛДАМ. «MobiPass» қосымшасы арқылы бірреттік құпиясөзді генерациялау және оны «Интернет-банкинг OPEN24» жүйесінде төлем немесе ақша аударымын растау бір минут ішінде жүзеге асырылады;

Бұл ҚАУІПСІЗ. Қауіпсіздіктің заманауи талаптарына жауап береді.

Бұл ТӘУЕЛСІЗ. «MobiPass» қосымшасындағы бірреттік құпиясөздердің генерациясы мобильді телефонның балансынан және оператордың желісімен қамтылу аймағынан тәуелсіз жүзеге асырылады.

«MobiPass» қызметін қосу құны 300 теңгені құрайды.

«MobiPass» — Бір рет төлеп, шексіз пайдалан!

Абоненттік төлем - 0 теңге!

MobiPass активациялық кілтін алу үшін, филиалдар мен ЦБО-да жеке тұлғалармен жұмыс істеу менеджерлеріне хабарласыңыздар.

07.12.2012