Банкирлер қалдықтарға қарсы

Банкирлер қалдықтарға қарсы

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Алматы, 2012 жылғы 28 қыркүйек

«Тазалық - денсаулық кепілі!» Осы классикалық ұранмен «Нұрбанк» АҚ қызметкерлері 2012 жылғы 29 қыркүйекте демалыс орындарының ластану мәселесіне назар аударту мақсатында «Банкирлер қалдықтарға қарсы» акциясын өткізеді. Барлық жұмыстарын қоя тұрып, 200 банк қызметкері және қазақстандық эстрада жұлдыздары «Медеу» шатқалының табиғатын қоқыстан тазартады.

Іс-шараға саябаққа келген кез келген келуші қатыса алады. Қатысушыларға қажетті құралдарды «Нұрбанк» АҚ ұсынады. Банкирлер қала көркін жақсартуды көздейді.

«Бұл волонтерлік сенбілікті екінші рет өткізіп отырмыз. Көбіне келушілер мұнда дем алуға келіп, тазалық туралы мүлде ойламайды, шатқалда қаптамалар мен бөтелкелерді қалдырып кетеді. Кейбіреулер қоқысты байқап, оны жинауға ешқандай әрекет жасамайды. Бүгін біз барлық ниет білдірушілерді Медеу көркін сақтауға және оны бірге таза етуге шақырамыз», - деді «Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Рауан Даукенов.

Қорыққа келушілер үшін арнайы бағдарлама қарастырылған: музыка, байқаулар және кейтеринг. Осы акцияның сәуір 2012 жылғы Банк өткізген «Жасыл сенбілік» акциясымен салыстырғанда өзгешелігі - оған қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуір 2012 жылы «Жасыл сенбілік» аясында Алма-Арасан шатқалында арнайы іс-шара өткізілді, оның мақсаты ата-ананың қамқорлығынан қалған жетім балаларды қолдау болды. Іс-шараға банктің 150 қызметкері және Алматы қаласының №8 мектеп-интернаты, №1, №2 балалар үйі, «Жан ұя» мамандандырылған кешенінен 40 бала қатысты.

Ескерту: «жасыл» сенбілікте қатысуға ниет білдірген журналистерді, сондай-ақ телеарна өкілдерінің түсірілім тобының нақты құрамын алдын ала хабарлауын сұраймыз.

Байланыс тұлғасы: Айгүл Қасенова
«Нұрбанк» АҚ Баспасөз хатшысы
тел. +7 727 2 599 710
ұялы: +7 (707) 132 59 69
электрондық пошта: akassenova@nurbank.kz

   
28.09.2012