Соңғы мәліметтерге сәйкес, 2024 жылы халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы сырттан келетін ақша аударымдар көлемі 237 миллиард теңгені құрады. Операциялардың орасан зор үлесін шот ашпай-ақ Қазақстан мен басқа елдер арасындағы трансшекаралық ақша аударымдары алды. Демалыс кезеңі аяқталып, ЖОО-ларда жаңа оқу жылының басталуымен әдетте ақша аударымдарына деген сұраныс артқан кезде, күздің алғашқы күндері «Нұрбанк» АҚ арнайы бонустық бағдарламаны іске қосты.
2025 жылдың 1-тамызынан бастап Нұрбанктің мобильді қосымшасы - Nur24.kz-те «Ақшаны ақша шақырады» бонустық бағдарламасы іске қосылды. Ол Nur24.kz мобильді қосымшасында "Золотая корона" және UPT халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы ақша аударымдарын алатын пайдаланушыларға арналған. Бастама шеңберінде клиенттерге көрсетілген сервистер арқылы түскен әрбір ақша аударымы үшін бонустар есептеледі.
Бонустық бағдарламаға Nur24.kz қосымшасында тіркеліп, 2025 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін "Золотая корона" немесе UPT жүйесі арқылы 500 теңгеден (немесе 1 АҚШ доллары / 1 Еуро баламасында) басталатын сомаға аударым алған жеке тұлғалар-пайдаланушылар қатыса алады.*
Бонустың мөлшері алынған ақша аударымының сомасына байланысты:
Бонустар нақты ақша түрінде төленеді.
Бонустарды есептеу келесі күні - өткен күні жасалған операциялар бойынша жүзеге асырылады.
Бонустық бағдарламаның шарттары туралы толық ақпаратты Nur24.kz мобильді қосымшасынан және Банктің сайтынан алуға болады.
«Біз транзакциялық бизнесті дамытудамыз және ақша аударымдарын клиенттеріміз үшін барынша ыңғайлы және тиімді етуге тырысамыз. Бүгінгі таңда бар болғаны 1% тарифпен Нұрбанкте ақша аударымдарының алты жүйесі, оның ішінде UPT қолданылады — бұл нарықтағы ең үздік ұсыныстардың бірі. 2025 жылдың мамыр айында біз Қазақстанда бірінші болып Nur24.kz мобильді қосымшасында "Золотая Корона" онлайн-аудармаларын іске қостық. Біз өз клиенттеріміз үшін серіктестік пен цифрлық мүмкіндіктерді кеңейтуді жалғастыра береміз», - деп атап өтті «Нұрбанк» АҚ Басқармасының төрайымы Гульнара Мусатаева.
* Заңды тұлғалар, Нұрбанк жұмыскерлері, сондай-ақ акцияны ұйымдастыруға тартылған тараптар оған қатыса алмайды.
«Нұрбанк» АҚ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылдың 3-ақпанында берген №1.2.15/193 лицензияның негізінде іс-әрекет етеді.