Заңды тұлғаның ағымдағы банктік шот шартына өзгерістер енгізу туралы хабарлама

Заңды тұлғаның ағымдағы банктік шот шартына өзгерістер енгізу туралы хабарлама

Құрметті Клиенттер!

Клиенттердің «Нұрбанк» АҚ веб-сайтында орналастырылған шарттың талаптарына қосылу арқылы жасалатын заңды тұлғаның ағымдағы банктік шот шартындағы (әрі қарай — Шарт) 7.6-тармағына сәйкес, сіздерді 2017 жылғы 27 қарашада «Нұрбанк» АҚ Басқармасының шешіміне сәйкес Шартқа келесі өзгерістер енгізілгені туралы хабарлаймыз.

Шарт 5.9-тармақпен толықтырылды:
«5.9. Банк келесі негіздер бойынша чекті төлеуден бас тартады:
— соманың жазбаша түрі мен цифрлар түріндегі соманың сәйкес келмеуі;
— чектің жарамдылық мерзімі аяқталды;
— чекте түзетулер және (немесе) өшірулер бар;
— чекте жазу және сия түсі бойынша анық айырмашылықтар бар;
— чекте қорғаныс дәрежелерінің бірі немесе бірнешеуі жоқ;
— чекте чектің реквизиттерін толтыру кезінде қателер бар;
— чекте қолдың, мөрдің (бар болған жағдайда) үлгісіндегі қолдың, мөрдің (бар болған жағдайда) сәйкессіздігі, яғни чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе чек кітапшасын басқаруға уәкілеттік берілген тұлғаның (заңды тұлғалар үшін) үлгіси қолтаңбасы және мөрдің үлгісі бар құжаттағы;
— чекті төлеу үшін жеткілікті ақша сомасының болмауы;
— жалған немесе ақаулы чекті анықтау;
— чекте қаражат шығысы мақсатының көрсетілмеуі;
— қолданыстағы заңнама мен осы Шарт көздеген басқа негіздер бойынша».

Көрсетілген өзгерістер 2017 жылғы 20 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

08.12.2017