Құрметті клиенттер! 2014 жылғы 20 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 06:55-тен 07:55-ке дейін желінің карточкалық сегментінің телекоммуникациялық жабдығында жоспарлы жұмыстар жүргізілуіне байланысты «Нұрбанк» АҚ төлем карталарымен барлық операциялар қолжетімсіз болады.
Құрметті «Нұрбанк» АҚ клиенттері! 2014 жылдың 16 қазан айында сағат 01.00-ден 06.00-ге дейін техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты, төлем карточкасын пайдаланып жүзеге асыруға болатын барлық операциялар (ақшаны алу, аудару, төлеу және басқа да қызметтер), сондай-ақ Банкоматтар мен POS-терминалдардағы операциялар қолжетімсіз болады.
Құрметті клиенттер! «Нурбанк» АҚ «Тәтті өмір» акциясы (әрі қарай — Акция) туралы хабарлайды. Акцияға Алматы қаласындағы кез келген Logycom дүкенінде «Нурбанк» тұтынушылық несиесін рәсімдеген 18 жастан асқан кез келген Қарыз алушы қатыса алады.
Құрметті клиенттер! Құрбан айт мерекесіне байланысты 2014 жылдың 4 қазаны күні филиалдар мен Орталық бақылау орындары жұмыс жасамайды. Мерекемен құттықтаймыз!
Осы арқылы «Нұрбанк» Акционерлік қоғамы (әрі қарай – Банк) хабарлайды, 2014 жылғы 22 қыркүйекте Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігі NRBNb5 субординацияланған купондық облигацияларының рейтингін «kzB» деңгейінен «kzBB-» деңгейіне көтергенін.
Құрметті «Priority Pass» клубтық картасының иелері. «Нұрбанк» АҚ 2014 жылғы 1 қазанда халықаралық әуежайлардың VIP-аймақтарына Priority Pass картасымен бару қызметі үшін «Priority Pass» клубтық картасының тарифі 5000 теңге мөлшерінде өзгертілетіні туралы хабарлайды.
Құрметті төлем карточкасын ұстаушылар, «Нұрбанк» АҚ Сіздерге «Нұрбанк» АҚ банкоматтарында келесі қызметтердің төлемін іске қосу мүмкіндігі туралы қуана хабарлайды: Dalacom, Pathword, City, JET, ALTEL 4G:GSM, TELE2.
Құрметті клиенттер! «Нұрбанк» АҚ клиенттеріне жеке тұлғаларға арналған «Open24» интернет-банкингінде қызмет жеткізушілер тізімінің кеңейгенін қуана хабарлайды.
Құрметті клиенттер! «Нұрбанк» АҚ сіздерге «Көлік салығын төлеу» және «ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдарды төлеу» атты жаңа қызметтердің жеке тұлғалар үшін «Open24» Интернет-банкинг жүйесінде іске қосылғандығын қуана хабарлайды.
Осы арқылы «Нурбанк» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен 2014 жылғы 3 қыркүйекте облигацияларды орналастыру қорытындылары жөніндегі Есептің бекітілгендігі туралы хабарлайды
Құрметті клиенттер! Назарларыңызға MasterCard және Maestro карталарының иелеріне арналған арнайы ұсыныстарды қамтитын «Нұрбанк» АҚ-ның «MasterCard-пен сыйлық маусымы» жаңа акциясын ұсынамыз. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Жаңа оқу жылында АО «Нурбанк» және Каспий университеті республикалық ауқымда «Жақсылық жылы» жобасы аясында «Өмірге жолдама» әлеуметтік бағдарламасы сәтті бастау алды.