Алматы, 2021 жылғы 28 мамыр. «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында банк директорлар кеңесінің жаңа мүшесі сайланды. 2021 жылғы 28 мамырдан бастап директорлар кеңесінің құрамына «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы Сәрсенов Елдар Рашитұлы кірді.
Бүгінгі таңда директорлар кеңесінің құрамына мыналар кіреді:
1) Ержанова Раушан Зайнуллаевна – «Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
2) Сәрсенов Елдар Рашитұлы – «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы.
3) Ульф Вокурка, тәуелсіз директор - «Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
4) Александр Леонидович Фролов, тәуелсіз директор - «Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
5) Камалеев Рүстем Гумарович, тәуелсіз директор - «Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
Жиналыста банктің қарапайым акцияларына дивиденд төлеу туралы шешім қабылданды.
ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ұсынымдарына сәйкес, «Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің отырысында дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылданды.
«Нұрбанк» АҚ-ның 2020 жылғы неконсолидирленген қаржылық және консолидирленген қаржылық есептілігі бекітілді.
2020 жылғы аудиттелген деректерге сәйкес:
мың тг |
2020 жылғы 31 желтоқсан |
Активтер |
424 015 381
|
Капитал |
40 694 410
|
Клиенттер алдындағы міндеттемелер (депозиттер) |
283 132 653 |
Несиелік портфель |
191 938 033 |
Пайда (шығын) |
(28 147 225) |
Комиссиялық табыстар |
8 821 036 |
Таза пайыздық табыс |
7 216 798 |
Активтер бағалы қағаздар портфелінің және депозиттік портфельдің өсуі есебінен өсті. Бұл өз кезегінде клиенттеріміздің сенімін көрсетеді.
Банктің алдағы бес жылға қабылданған даму стратегиясы аясында біз активтердің сапасын жақсартуға және банктің негізгі бизнес-процестерін трансформациялауға бағытталамыз. Біз экономиканың басым секторларына қаржыландыруға көңіл бөліп, қазақстандықтар үшін сенімді банктік серіктес болып қала береміз.
«Нұрбанк» АҚ баспасөз қызметі
Тел: +7 702 911 4136
e-mail: AMaratova@nurbank.kz