Нұрбанктің басқарма төрайымы болып Гүлнара Мұсатаева тағайындалды

Нұрбанктің басқарма төрайымы болып Гүлнара Мұсатаева тағайындалды

gagagagagaga

Нұрбанктің директорлар кеңесі 2021 жылғы 29 қыркүйекте Гүлнара Мұсатаеваны банктің басқарма төрайымы етіп тағайындау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы қаржы институтының баспасөз қызметі Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы тілшісіне хабарлады.

Бұған дейін Гүлнара Мұсатаева «Нұрбанктің» басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып, заң мәселелерін қадағалаған, сондай-ақ оның жетекшілігімен банктің кепіл қызметі, наразылық-шағым жұмысы, жарнама және қоғаммен байланыс бөлімшелері, қызметкерлермен жұмыс, сондай-ақ әкімшілік-шаруашылық қызметтер болған. Сондай-ақ ол бөлшек және карточкалық бизнестің бөлімшелерінің жұмыстарын қадағалаған.

«Акционерлер мен директорлар кеңесіне білдірген сенімдері үшін алғысымды айтамын. Нұрбанк нарықта дерлік 30 жыл болды. Банк өсіп, қаржы нарығында тұрақты орынды иеленіп отыр. Біздің одан әрі сапалы дамуға, бөлшек, корпоративтік сектор және ШОБ несие портфелінің сенімді өсуіне, қызметтер мен өнімдер тізімін озық технологиялар арқылы кеңейтуге үлкен жоспарларымыз бар», - деп жаңа басқарма төрайымы түсініктеме беріп өтті.

Бұл орынға Гүлнара Мұсатаева банктің ірі акционері мәртебесін алғандықтан қызметтен кеткен Елдар Сарсеновты ауыстырды.

Гүлнара Абаевна Мұсатаева 1967 жылғы 28 желтоқсанда туған. 1990 жылы Карағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтады.

1993 жылдан 1994 жылға дейін - мемлекеттік нотариат кеңсесінде мемлекеттік нотариус лауазымында жұмыс істеген.

1994 жылдан 1997 жылға дейін – Қазақстан Ұлттық банкінің Заң департаментінде жетекші заңгер кеңесшісі қызметін атқарған.

1997 жылдан 2001 жылға дейін - «Қазақстан Халық жинақ банк» АҚ заңгер кеңесшісі, бөлім бастығы болған.

2008 жылдан 2011 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінде басқарма бастығы, директордың орынбасары болып жұмыс істеген.

2011 жылдан 2020 жылға дейін - «Нұрбанк» АҚ-тың басқарушы директоры, басқарма мүшесі болып тағайындалды.

2020 жылғы 2 желтоқсаннан бастап - «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

Дереккөз: Капитал

29.09.2021