«Нұрбанк» АҚ сан рет IQanat білім беру қорына қаржылық қолдау көрсетті.

«Нұрбанк» АҚ сан рет IQanat білім беру қорына қаржылық қолдау көрсетті.

Бөлінген қаражат ауылдардағы дарынды оқушыларға сапалы білім беру ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ олардың Қазақстанның және шетелдің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге дайындалуына көмектеседі.

IQanat Қоры – ең ынталы ауыл балаларын таңдауға және оларға өмірге білім беру «жолдамасын» беруге бағытталған қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік-ағартушылық жобасы. IQanat түлектерінің 94%-ы Қазақстанның және шетелдердің беделді университеттеріне гранттар бойынша оқуға түсіп, қазірдің өзінде әлемнің 17 елінде білім алуда. Бүгінде жоба еліміздің барлық 170 ауданын қамтып, ауылдағы білім саласын дамытуға үлес қосып, өңірлерге меценаттық қолдау көрсетіп жүрген 200-ден астам қазақстандық кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Нұрбанктің IQanat қорымен ынтымақтастығы 2019 жылы басталды. Әріптестіктің терең және ұзақ мерзімді сипатының маңызды дәлелі «Нұрбанк» АҚ акционері Эльдар Сәрсенов қордың сенімді қамқоршысы болып табылады. Атап айтқанда, Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы мектеп оқушылары үшін қолайлы және ынталандыратын білім беру ортасын құруға қолдау көрсетуде. 

Дереккөз: https://bizmedia.kz/2025-04-11-nurbank-podderzhivaet-razvitie-selskogo-obrazovaniya/   

24.04.2025