
Қазақстан нарығындағы позициясын нығайту мақсатында Нұрбанк IT-инфрақұрылымға инвестиция салып, инновациялық сервистерді әзірлеуге кірісті.
11 қараша күні Алматы қаласында Нұрбанктің Басқарма Төрайымы Гульнара Мусатаева 2025–2027 жылдарға арналған жаңа стратегиясының басты бағыттарын таныстырды.
Стратегияның басты бағыты — цифрлық трансформация.
«Бүгінде технологиялар жай ғана құрал ғана емес, олар философияға айналуда. Біздің міндетіміз — адамға қызмет ететін digital-сервистерді жасау», — деп атап өтті Мусатаева.
Банк елдің қаржылық экожүйесіндегі рөлін нығайтуды көздейді. Негізгі назар IT саласына ауқымды инвестицияларға, заманауи жабдықтар мен ыңғайлы, жылдам әрі қауіпсіз болатын өзіндік цифрлық өнімдерді дамытуға бағытталған.
Бүгінгі таңда Нұрбанк Қазақстан нарығындағы ақша аудару мен төлем жасаудағы шешімдердің ең ауқымды желілерінің бірін ұсынады. 2025 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша халықаралық аударымдардың жалпы көлеміндегі банктің үлесін 16% құрады. Бұл Нұрбанктің осы сегменттегі орнықты позициясын және клиенттер сенімінің жоғары екендігін растайды.
Банк клиенттеріне келесі сервистер қолжетімді:
Ішкі нарық үшін банктің өз сервистері қосылған: Қазақстан ішінде жедел аударымдарға арналған NUR Экспресс, сондай-ақ Nur24.kz қосымшасында картадан картаға немесе телефон нөмірі арқылы ақша аудару мүмкіндігі қарастырылды.
2025 жылдың соңына дейін Nur24.kz қосымшасында аудару сервистеріне арналған ұсыныстар жүйесі мен рейтинг іске қосылады. Жүйе бағыт, сома және комиссия бойынша ең тиімді нұсқаны ұсынады, ал рейтинг пайдаланушылардың нақты пікірлеріне негізделеді.
Сондай-ақ Nur24.kz мобильді қосымшасында «Криптовитрина» атты инновациялық сервис ұсынылды. Бұл сервис арқылы пайдаланушылар фиат және цифрлық активтердің баланстарын көріп, АХҚО-ның лицензияланған крипто биржаларымен, соның ішінде ATAIX Eurasia-мен өзара әрекеттесе алады. Жақын арада клиенттер Нұрбанктің шоттары мен карталарын тікелей толықтыру және шығару мүмкіндігіне ие болады.
Нұрбанк басшысы жаңалықтарды таныстыру кезінде: «Біздің басты қағидамыз өзгеріссіз қалады: күш — инновацияда, жүрек — қызмет көрсетуде керек. Біз технология мен адами көзқарастың үйлесімі сенім мен тұрақты дамудың негізі боларына сенеміз», — деп атап өтті.
Нұрбанк цифрлық теңгені енгізу жолында көшбасшы екенін атап өтуге тиіспіз. Ұлттық цифрлық валютаның толық іске қосылуы 2025 жылдың аяғына жоспарланғанына қарамастан, банк цифрлық теңгемен жұмыс істеудің — шот ашудан бастап айырбастауға дейінгі 8 функциясын жүзеге асырды. Барлық операциялар NurBusiness интернет-банкі арқылы қолжетімді. Сонымен қатар банк бизнестегі қаражат айналымын жеделдетіп, салықты қайтару мерзімін 5–15 күнге дейін қысқартатын «Цифрлық ҚҚС» жобасына дайындалуда.
2024 жылдың желтоқсанында S&P Global Ratings Нұрбанктің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «B-»-тен «B»-ге дейін, тұрақты болжаммен, ал ұлттық шәкіл бойынша «kzBB»-ден «kzBB+»-қа дейін көтерді. Бұл банктің мықты қаржылық нәтижелері мен тәуекелдерді тиімді басқарып отырғанын көрсетеді.
«Біз технология мен адамдарға салынған инвестицияның болашаққа салынған инвестиция екеніне сенімдіміз. Біздің мақсатымыз — инновациялар адамдарға қызмет етіп, бизнесті қолдап, Қазақстанның банк жүйесіне деген сенімді нығайту», — деп түйіндеді Мусатаева ханым өз сөзін.
*«Нұрбанк» АҚ-ның қолында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылдың 3 ақпанындағы №1.2.15/193 лицензиясы бар.