PaloAlto PA-3020 және PaloAltoTraps желілік инфрақұрылымын қорғау аппараттық-бағдарламалық кешеніне лицензияларды ұзарту жөніндегі тендер

PaloAlto PA-3020 және PaloAltoTraps желілік инфрақұрылымын қорғау аппараттық-бағдарламалық кешеніне лицензияларды ұзарту жөніндегі тендер

15.11.2019

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нұрбанк» АҚ PaloAlto PA-3020 және PaloAlto Traps желілік инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық кешен лицензияларын ұзарту бойынша ашық тендер өткізетінін жариялайды және әлеуетті жеткізушілерді 2019 жылғы 28 қарашада сағат 14:30-да Алматы қ., Абай даңғ., 10 «В» мекенжайында орналасқан «Нұрбанк» АҚ ғимаратында өтетін тендерге қатысуға шақырады, кабинет № 310. 

Құжаттарды жинау мерзімі: 27-11-2019 12:00-ге дейін, мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғ., 10 «В», хатшы, кабинет № 204           

Тендерге құқықтық тұлғалар (әлеуетті қызмет жеткізушілері) қатыса алады, олар тендер өткізілетін уақытқа дейін келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • кәсіби біліктілікке және жұмыс тәжірибесіне ие болу, қызмет көрсету шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары болуы қажет;
  • Казақстан Республикасында аппараттық-бағдарламалық кешенді сату және техникалық қолдау көрсету құқығына дистрибьютордан құжатталған растауы болуы қажет.
  • «Нұрбанк» АҚ тарапынан бұрын жасалған шарттар бойынша шағымдардың болмауы;
  • төлем қабілеттілігі, жойылуға жатпау, мүліктеріне арест қойылмауы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы-шаруашылық қызметінің тоқтатылмауы;
  • тендерге қатысуға өтінім беру және қызмет көрсету шартын жасау мерзіміне дейін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлеу міндеттемелерін орындау қажет; 

Техникалық сипаттама және бағдарламалық өнімдердің сипаттамасы № 5 қосымшада көрсетілген. 

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері:

  • әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігі;
  • тендер өтінімінің техникалық ерекшеліктерге сәйкестігі;
  • ұсынылған баға;
  • төлем шарттары;
  • жабдықтарды жеткізу мерзімдері. 

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:

1 пакет: Заңды құжаттама

1) тендерге қатысуға өтінім;

2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері, тіркеу/қайта тіркеу куәлігі (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік);

3) мемлекет лицензияланатын қызмет түрлеріне лицензиялардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқа) (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер лицензиялануға жатса);

4) жеткізуші өкілінің — өкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) жеткізушінің өкілді тұлғаға Тендерге қатысуға сенімхаты; 

2 пакет: Қаржылық құжаттама

1) баға ұсыныстары;

2) талапкерлермен банк алдындағы мерзімді қарызы жоқтығын растайтын банк реквизиттерін көрсететін банктің түпнұсқа анықтамасы;

3) заңды тұлғалар үшін бір жылдық қаржылық есептіліктің көшірмелері, заңды тұлғалардың мөрімен расталған жеке кәсіпкерлер үшін салық декларацияларының көшірмелері;

4) жеткізушінің тіркелген жеріндегі Салық комитетінің салықтарды төлеу бойынша қарызының жоқтығы туралы анықтамасы;

5) материалдық-техникалық базаның болуы туралы ақпарат; 

3 пакет: Басқа құжаттама

1) техникалық спецификациялар, жеткізу шарттары, мерзімдер.

2) өндіруші компаниялардың авторизациялық хатының болуы, келесі құжаттармен қамтамасыз ету:

  • жүйеге кіру кезінде пайдаланушыларды сәйкестендіру және аутентификациялау жүйесін тарату және кепілдік қызмет көрсету құқығын растайтын құжаттармен,
  • Қазакстан Республикасының аумағында лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді тарату/техникалық қолдау көрсету құқығын растайтын құжаттармен.

3) жеткізілетін жабдықтарға кепілдік қызмет көрсететін сервис орталығының немесе сервис-серіктестің болуы Алматы қаласында немесе аппараттық-бағдарламалық кешен жеткізілетін аймақтарда (атауы, мекен-жайы, байланыс деректерін көрсету арқылы ақпарат беру).

4) Жабдық сериялық шығарылған линейкадан жеткізілуі тиіс, өндіруші зауыттарда сыналған болуы қажет. Орындалуы тапсырмада көрсетілген барлық компоненттермен қамтылады.

5) Әлеуетті жеткізушінің нарықта кемінде 2 жыл жұмыс істеу мерзімі.

6) Жеткізу тапсырыс берушінің мекенжайына толық мөлшерде және бір уақытында жүзеге асырылуы тиіс.

7) Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімді әзірлеу және беру кезінде барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендерлік комиссия бұл шығындарды көтермейді және олар үшін жауапкершілік алмайды, тендердің өткізілу түрі мен нәтижелеріне қарамастан. 

Өз тарапымыздан, Банк тендерлік комиссиясы қызметіміз көрсетілетін тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру туралы ақпаратты әлеуетті қызмет жеткізушілеріне немесе ресми түрде тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыруға қатыспайтын кез келген басқа тұлғаларға ашпағаны жөн деп санаймыз.

«Нұрбанк» АҚ тендерді өткізу немесе кейінге қалдыру құқығын сақтап, тендер өтінімдерін ұсынған әлеуетті жеткізушілерге тендердің күшін жою немесе ауыстыру туралы жазбаша хабарлама жібереді, жаңа өткізу мерзімін көрсетеді.

Әлеуетті жеткізуші өзінің өтінімін соңғы күнге дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына ие.

Тендер өткізу кезінде әлеуетті қызмет жеткізушілерінің өкілетті тұлғасының қатысуымен  немесе онсыз, егер өкілетті тұлға тендерге қатыспас

Тендерлік құжаттаманы тапсырудың соңғы мерзімі 12:00 сағат 2019 жылдың «27» қарашасы.

 

Байланыс тұлғалары:

Құрманбаев Санжар

Тел.+7 (727) 2 599 710 қос 5847

 № 1 қосымша. Техникалық спецификация (жүктеу. doc, 34 КБ) 

 № 2 қосымша. Критерийлер (жүктеу. xls, 31 КБ)