Биометриялық сәйкестендіру қызметтерін сатып алу

Биометриялық сәйкестендіру қызметтерін сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
24.04.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
16:30
Алматы қ., Абай даңғылы 10В
3-қабат, 310 кабинет
15.04.2025

Пакеттер мен ұсыныстарды жинау

Мерзімі:
24.04.2025
Уақытқа дейін:
14:00
Мекенжайы:
Абай даңғылы 10В, 204 кабинет, кеңсе

Тендерге қатысу үшін ықтимал қызмет жеткізушілерге қойылатын талаптар

Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар
  • Техникалық айырықшама;
  • Жеткізушіге қойылатын талаптар.

Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар пакеті

Заң құжаттамасы
  • тендерге қатысуға берілетін өтінімін;
  • заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәлігінің немесе анықтамасының, жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлігінің/ жеке кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама көшірмелерін;
  • Жарғы, сенімхаттың, бірінші басшыны тағайындау туралы шешімнің және бұйрықтың, ЖШС құру туралы шешімнің, ЖШС хаттамаларының;
  • қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган берген белгілі бір қызметті жүзеге асыруға рұқсаттың (қағаз жеткізгіштегі рұқсат берілген жағдайда салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) көшірмелерін (егер сатып алынатын тауарларға/жұмыстарға/көрсетілетін қызметтерге арналған қызмет рұқсат алуды талап етсе) және Үміткер (сатып алынатын қызмет туралы хабарламаны жіберу талап етілсе) хабарлама жібергені туралы хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірменің көшірмесін;
  • заңды тұлғаның  уәкілетті органының атқарушы органын (басшыны) сайлау (тағайындау) туралы шешімінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін тапсыру керек.
Қаржы құжаттамасы
  • кемінде 12 айдағы баға ұсынысын;
  • қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын анықтамалардың түпнұсқасын;
  • заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған заңды тұлғаның қаржы есептілігінің, бар болса, мөрмен куәландырылған жеке кәсіпкердің салық мағлұмдамасының, мөрі бар болса, мөрімен расталған көшірмелерін;
  • үміткердің тіркелген жергілікті Салық комитетінің салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасын;
  • материалдық-техникалық базасының бар-жоғы туралы мәліметті;
  • Келісімшарт бойынша тауарды жеткізген кезде «Нұрбанк» АҚ есеп айырысу шоты арқылы өзара есеп айырысуға берген келісімінің растамасын тапсыру керек.
Өзге құжаттама
  • қызметтердің тарифтері мен құнының егжей-тегжейлі есебі, оның ішінде есептеу формулаларының сипаттамасы бар коммерциялық ұсыныс;
  • техникалық айырықшама: Тапсырыс берушінің техникалық айырықшамасына сәйкес келетін немесе бастапқы белгіленген талаптардан асатын жақсырақ техникалық сипаттамалары бар әрбір функцияның сипаттамасы бар БЖ функцияларының тізімі;
  • шешімді жүзеге асырудың архитектуралық сызбалары;
  • қажетті серверлік жабдықтың сайзингі және оның техникалық сипаттамалары;
  • АҚ бойынша сертификаттары (мамандардың сертификаттарының көшірмелері) мамандардың саны туралы мәлімет;
  • биометриялық сәйкестендіргіштерді енгізу бойынша орындалған жұмыс жобалары актілерінің көшірмелері тапсыру керек.

Өз жағымыздан айтарымыз, Банктің Тендер комиссиясы тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға қатысты ақпаратты қызметтерді әлеуетті жеткізушілерге не болмаса тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға ресми қатыспайтын кез келген тұлғаға ашуға құқылы емес..

«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендер өткізілмейтіні, өткізілетін жаңа күнін көрсете отырып, тендер басқа күнге қалдырылғаны туралы хабарлай отырып, тендерді кейінге қалдыруға немесе өткізуден бас тартуға құқылы.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді қабылдау мерзімінің соңына дейін өз өтінімін түзетуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе, егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспайтын болса, оның қатысуынсыз өткізіледі.

Құжаттама бойынша пакет құру мәселелері жөнінде:

Ахметжан Н. Т.

Тел. +7 (727) 2500-000 ішкі 5474
NAkhmetzhan@nurbank.kz, it_dpap@nurbank.kz

Техникалық спецификация

Қатысушылардың өтінімі

Жеткізушіге қойылатын талаптар