Міндеттері:
-
- Алаяқтықтың алдын алуға қатысты бөлігінде Банктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жаңа банктік өнімдер мен қызметтерді талдау, сондай-ақ Банктің бизнес-үдерістерін оңтайландыру ісіне қатысу.
- Антифрод жүйелерінің функционалын/ережелерін нөлден бастап әзірлеу, сондай-ақ қолданыстағы функционалды/ережелерді жетілдіру.
- Антифрод жүйесіне келіп түсетін инциденттерге мониторинг жүргізу.
- Алдын алу және бақылау жүйелерінің тиімділігін, нәтижелілігін және жеткіліктілігін талдау.
- Қойылған міндеттердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Антифрод жүйесінің бағдарламалық қамтамасын жеткізушілердің жауапты тұлғаларымен өзара іс-қимыл жасау.
- Транзакцияларды жүргізу және/немесе клиенттердің өзге де әрекеттері барысында туындайтын аномалияларды анықтауға бағытталған талдамалық жұмысты жүзеге асыру.
- Цифрлық арналардағы күмәнді оқиғаларды анықтау сценарийлерін оңтайландыру арқылы тәуекелдерді төмендету мүмкіндігі үшін Банктегі оқиғаларды жинау және талдау.
- Антифрод жүйесін кешенді функционалдық тестілеуге қатысу.
- Әртүрлі салалардағы алаяқтықтың жаңа схемаларын болжау, талдау, инциденттерді қарау, сондай-ақ жаңа ықтимал алаяқтық схемалардың алдын алуға арналған тиісті құралдарды пысықтау.
- Антифрод жүйелерін және бизнес-үдерістерді оңтайландыру және дамыту бойынша ұсыныстар енгізу.
- Жаңа технологияларды зерделеу және кәсіби білім деңгейін арттыру.
Талаптар:
Білімі:
- экономикалық/қаржылық/техникалық/заң салаларындағы жоғарғы білім.
Жұмыс тәжірибесі:
- банк саласында/қызмет бағыты бойынша кемінде 2 (екі) жыл.
Ілімі мен біліктілігі: - Кейстерді талдау, деректерді талдау, тергеу кейстерін әзірлеу, метрик тәуекелдерін, фрод жүйелерін білу.
- Карточка бизнесіндегі (карточкалық процессинг) жұмыс тәжірибесі, Visa, Mastercard төлем жүйелерінің ережелерін, алаяқтық мәселелері бойынша ХТЖ-мен өзара іс-қимыл жасауды білу. - Антифрод жүйелерінің ақпараттық әртүрлі көздермен интеграциялау тәжірибесі.
- Сұраныстардың тілдерін (SPL, SQL) түсіну.