Міндеттері:
- Басқарманың/бөлімнің/сектордың тиімді жұмысын ұйымдастыру;
- Банк филиалының келесі бөлімшелерінің қызметін басқару және бақылау:
- заңды тұлғаларға операциялық қызмет көрсету секторы;
- жеке тұлғаларға операциялық қызмет көрсету секторы;
- VIP-клиенттермен жұмыс істеу секторы (бар болған жағдайда);
- кассалық операциялар секторы;
- сүйемелдеу секторы;
- операциялық қызмет мәселелері бойынша Банктік қызмет көрсету орталықтары.
- Банктің ішкі нормативтік құжаттары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, сондай-ақ филиалдың операциялық қызметіне қатысты басқа да реттеуші және уәкілетті органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын білу және орындауды қамтамасыз ету;
- Жұмыскерлердің лауазымдық міндеттерін білу және Басқарма/Бөлім/Сектор жұмыскерлерінің міндеттерін дұрыс орындауын бақылау;
- Еңбек тәртібінің лайықты сақталуын қамтамасыз ету;
- Басқарма/Бөлімнің Банктің құрылымдық бөлімшелерімен клиенттерге қызмет көрсету мәселелері бойынша тиімді өзара әрекеттесуін ұйымдастыру.
Білімі:
жоғарғы білім.
Жұмыс тәжірибесі:
ЕДБ пен Банктің операциялық бөлімшелерінде кемінде 2 (екі) жыл.
Лауазымдық міндеттерін атқаруына қажетті жалпы ілімдер/біліктер:
- Компьютерде жұмыс істеу біліктілігі, MS Office стандартты пакетінің негізгі бағдарламаларын (қолданушы) білу;
- Іскерлік қарым-қатынас орнату әдебі жайлы біліктілігі;
- сауатты жазбаша және ауызша сөйлеу дағдысы;
Тілдерді білуі:
Ағылшын – қажет болған кезде