«Нурбанк» АҚ 2014 жылғы 29 сәуірде акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілгені туралы хабарлайды, дауыс беру қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:
1) «Нурбанк» АҚ-ның 2013 жылға арналған жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін бекіту;
2) «Нурбанк» АҚ-ның 2013 жылғы жылдық жеке қаржылық есептілігін бекіту;
3) 2013 жылғы қызмет нәтижелері бойынша шығын түскендіктен, «Нурбанк» АҚ-ның таза кірісін бөлу тәртібін бекітпеу;
4) «Нурбанк» АҚ-ның резервтік капиталын құрмау. Алдыңғы есептік кезеңдерде қалыптастырылған 8 886 568 987,76 теңге (сегіз миллиард сегіз жүз сексен алты миллион бес жүз алпыс сегіз мың тоғыз жүз сексен жеті теңге 76 тиын) көлеміндегі резервтік капитал сомасын өткен жылдардағы шығындарды азайтуға бағыттау;
5) 2013 жыл үшін «Нурбанк» АҚ-ның қарапайым акциялары бойынша дивиденд төлемеу;
6) «Нурбанк» АҚ-ның 2014 жылғы жылдық қаржылық есептілігін тексеру үшін аудиторлық ұйым ретінде «KPMG» ЖШС-ін бекіту;
7) 2013 жылы «Нурбанк» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлерден шағымдардың болмау ақпаратын назарға алу;
8) «Нурбанк» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту мәселесін Банк акционерлерінің басқа жалпы жиналысына ауыстыру;
9) «Нурбанк» АҚ Жарғысына №4 өзгерістер мен толықтыруларды бекіту және «Нурбанк» АҚ Басқарма Төрағасы Орынбаев Қантар Бекарұлына «Нурбанк» АҚ Жарғысына №4 өзгерістер мен толықтыруларды қол қоюға уәкілеттендіру;
10) «Нурбанк» АҚ корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту және 2008 жылғы 5 қыркүйекте «Нурбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімімен бекітілген «Нурбанк» АҚ банктік конгломератының корпоративтік басқару кодексінің күшін жою;
11) 2013 жылы «Нурбанк» АҚ Директорлар кеңесінің және Басқарма мүшелерінің сыйақы мөлшері мен құрамын назарға алу.