АО «Нурбанк» акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы хабарландыру

АО «Нурбанк» акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы хабарландыру

«Нурбанк» акционерлік қоғамы (мемлекеттік қайта тіркеу туралы № 3868-1900-АҚ куәлігі, 2004 жылғы 9 қараша), мекенжайы: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 51-53, «Нурбанк» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 20 наурыздағы шешіміне сәйкес акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды (бұдан әрі – Жиналыс).

Жиналыс 2013 жылғы 29 сәуірде, сағат 10-00-де, мекенжайы: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 51-53, 5 қабат, конференц-залында өтеді.

2013 жылғы 29 сәуірдегі Жиналыста кворум болмаған жағдайда, келесі Жиналыс 2013 жылғы 30 сәуірде жоғарыда көрсетілген мекенжайда сол уақытта өтеді.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2013 жылғы 20 наурыз жағдайына сәйкес құрастырылды.

«Нурбанк» АҚ Директорлар кеңесімен келесідей Жиналыс күн тәртібі бекітілді:

1.«Нурбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2.«Нурбанк» АҚ-тың 2012 жылғы қорытындылары бойынша жылдық шоғырландырылған қаржылық есептемесін бекіту.
3.«Нурбанк» АҚ-тың 2012 жылғы қорытындылары бойынша жеке жылдық қаржылық есептемесін бекіту.
4.«Нурбанк» АҚ-тың 2012 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту.
5.«Нурбанк» АҚ-тың Резервтік капиталының бөліну тәртібін анықтау.
6.«Нурбанк» АҚ-тың 2013 жылға аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды анықтау.
7.2012 жылғы қорытындылары бойынша «Нурбанк» АҚ-тың қарапайым акцияларына дивидендтерді төлеу және бір қарапайым акцияға есепті дивиденд мөлшерін қарастыру.
8.«Нурбанк» АҚ-тың іс-әрекеттеріне, оның лауазымды тұлғаларына акционерлердің өтініштерін және 2012 жылы олардың қаралу нәтижелерін қарастыру.
9.«Нурбанк» АҚ Жарғысына өзгертулер мен толықтыруларды бекіту.
10.2012 жылға «Нурбанк» АҚ Директорлар кеңесі мүшелеріне және банк Басқарма мүшелеріне берілетін сыйақының мөлшері мен құрамын акционерлерге хабарлау.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу үшін, жеке тұлғалар құжатты куәландыратын жеке басын растайтын құжатпен келулері қажет.

Жеке тұлғалардың акционерлерінің өкілдері заңнамасына сәйкес ресімделген нотариус расталған сенімхат пен өкілдің жеке куәлігін ұсынулары қажет.

Заңды тұлғалардың акционерлерінің өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен расталған сенімхатты және өкілдің жеке куәлігін ұсынулары қажет. Қазақстан Республикасы заңнамасына немесе шарттарға сәйкес сенімхатсыз акционер атынан әрекет етуге немесе оның мүдделерін көрсетуге құқығы бар тұлғаға акционерлердің жалпы жиналысына қатысу және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беру үшін сенімхат талап етілмейді.

Заңды тұлғалардың акционерлері, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңының 17-бабының 5-1 тармағына сәйкес, акционерлермен осы Заңның белгіленген нормасының талаптарын орындау туралы мәлімдеме ұсынулары қажет.

Жиналысты өткізу мәселелері бойынша, сондай-ақ күн тәртібі мәселелері бойынша қажетті ақпаратпен (материалдармен) танысу үшін Орынбетова Ардақ Қасымқызына хабарласуларыңызды сұраймыз (мекенжайы: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 51-53, 5 қабат, ішкі телефон: 2599-710, ішкі: 5479).

27.03.2013