«Нұрбанк» акционерлік қоғамы (мемлекеттік қайта тіркеу туралы № 3868-1900-АҚ куәлігі, 2004 жылғы 9 қарашадағы, СТН 151000015914, БИК 190501849) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 51/53 мекенжайында орналасқан, өз акционерлеріне 2012 жылғы 27 сәуірде өткен «Нұрбанк» АҚ қайтадан өткізілген жылдық акционерлердің жалпы жиналысында мынадай шешімдер қабылданғанын хабарлайды:
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:
«Нұрбанк» АҚ-ның 2011 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:
1. 2011 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша 81,2 млн. теңгеге резервтік капиталды қалыптастыру.
2. Банктің таза кірісін бөлудің келесі тәртібін бекіту:
— 81,2 млн. теңгені резервтік капиталға бағыттау;
— қалған таза кірістің сомасын бөлмей, өткен жылдардың «Бөлінбеген таза кіріс (жабылмаған шығын)» шотына бағыттау.
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:
«Нұрбанк» АҚ-ның 2011 жылғы жай акциялары бойынша дивидендтерді төлемеу.
Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша:
«Нұрбанк» АҚ-ның 2012 жылғы біріктірілген жылдық қаржылық есептілігінің аудитін өткізу үшін «Ernst&Young» ЖШС-ті аудиторлық ұйым ретінде анықтау.
Күн тәртібінің бесінші мәселесі бойынша:
«Нұрбанк» АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлер тарапынан 2011 жылы сұраулардың жоқтығы туралы ақпаратты қабылдау.
Күн тәртібінің алтыншы мәселесі бойынша:
«Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің және Басқармасының мүшелеріне 2011 жылғы сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпаратты қабылдау.
Күн тәртібінің жетінші мәселесі бойынша:
«Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту және 2008 жылғы 28 наурызда «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген, «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің күшін жою.
Күн тәртібінің сегізінші мәселесі бойынша:
Акциялардың сатып алынуы кезіндегі құнын анықтау әдістемесіне № 1 өзгерістерді бекіту, Қайтадан өткізілген жылдық акционерлердің жалпы жиналысының Хаттамасының № 1 Қосымшасына сәйкес.